Меню

Страницы

Статья

Еңбек қатынастарын бақылау

Ауысыммен жұмыс істейтіндердің мәселесі қашан шешімін табады?

Жаңалықтар Журналистік зерделеу Әлеумет әлеуеті

Шектеу шараларына байла­нысты туындаған жағдай, жұмыссыздық мәселесі облыс деңгейінде бұдан бұрын да көтеріліп, кеңінен талқыланды.

 Бұл мәселе жуырда «Те ң і з» кенішінің вахталық қалашығында Жылыой ауданының әкімі Халел Жамаловтың сондағы мекеме басшы­ларымен, кадр ісі жөніндегі мамандар­мен болған кездесуінде кеңінен әңгіме болды. Жергілікті басшы ТШО-ның мердігер компаниялары – «Сичим», «Велесстрой», «Сенімді құрылыс», «Монтажспецстрой», «Денхолм Жолдас», «Нефтестройсервис» ЖШС- нің жетекшілерін ашық әңгімеге шақырды. Сонымен бірге, аудандық жұмыспен қамту орталығының басшы­сы Қ.Омаров кеніштегі барша мекеме, компания, серіктестік басшыларымен тығыз байланыста екендігін айтса, ауданның бірінші басшысы барлық мекемедегі бос жұмыс орындарының жергілікті жұмыспен қамту орталығына жіберілуі керектігін, ал жұмыссыз үйлерінде жатқан вахташыларды тезірек жұмыс орындарына шақыру қажеттігін қатаң тапсырды.

Осы мәселе бойынша Атырау облысы мемлекеттік еңбек инспекция басқармасы басшысының орынбасары Думан Әбеуовпен арнайы барып сұхбаттастық. Әңгіме барысында ол басқарма ҚР Еңбек кодексін негізге ала отырып, жұмыскерлердің құқығы мен боастандығын қорғайтынын, сонымен қатар, жұмысшылардың еңбек қауіпсіздігін, еңбек жағдайларын, олардан түсетін түрлі арыз-шағымдар мен өтініштердің аяқсыз қалмауын жіті қадағалайтынын айтты.

Жыл басынан бері басқармаға 1 037 өтініш түскен болса, оның 968-і қаралып, 403-і қанағаттандырылған. Өтініштерді қарау барысында 403 жұмысшының конституциялық құқығы қорғалыпты. Айтқандай, осы мерзімде басқарма 141 тек­серу жұмысын жүргізс е, соның көбінде заң бұзушылықтың орын алғаны белгілі болған. Оның нәтижесінде әкімшілік жауапкершілікке 66 тұлға тарты­лып, 15,1 млн. теңге әкімшілік айыппұл салынған.

– Жылыой ауданындағы жағдайға байланысты айтарымыз, осы жылдың 1-ші шілдесіне дейін жұмыс беруші барлық компания COVID-19 пандемия- сына байланысты жұмыссыз қалған адамдарға еңбекақыны – 100 пай­ыз, 1-ші шілдеден кейін 50 пайыз төлеп келді. Жұмыс ауқымы азайып, болмаса жобалары тоқтап қалған ұжымдардың жұмысшылары 42 500 теңге әлеуметтік өтемақы алды. Алдағы апта ішінде біз осы Жылыой ауданындағы мәселені дағдарысқа қарсы штабта ТШО компаниясы ал­дында көтеруді жоспарлап отырмыз, – деді Атырау облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы басшысының орынбасары.

Ал, ТШО компаниясы баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, Теңіз кен орнындағы эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына қарамастан, карантиндік шектеулер толық көлемде сақталып отыр. ТШО мен мердігер ұйымдардың барлық қызметкерлері бетперде тағуға, әлеуметтік арақашықтықты сақтауға және өзін-өзі оқшаулауға міндетті.

Қазыр ТШО-да жүргізген ПТР-тестілердің саны 103 мыңнан асты. Пандемияның екінші толқынына дайындық аясында ТШО қызметкерлері мен мердігер мекемелер үшін оқшаулау нысандары дайындалды. Атап айтқанда, 380 орындық уақытша инфекциялық аурухана, науқаспен жақын байланыста болғандар үшін 800 оқшаулау орны, сондай-ақ Теңізде 79 провизорлық төсек (ПТР нәтижесін күтуге арналған) және Атыраудағы ауру белгісі байқалмайтын инфек­ция жұқтырған науқастар үшін 145 орын бар.

1 қыркүйектен бастап ТШО-да өндірістік қызметті үздіксіз жүзеге асыру үшін, сондай-ақ ККЖ- ҰЕҚБЖ шеңберінде жұмыстарды кесте­де белгіленген мерзімде орындау үшін қызметкерлерді қайта жұмылдыруға кіріскен болатын.

Компания қайта жұмылдыру кезең- кезеңмен, барлық талаптар мен ережелер­ге сәйкес және Теңіз кен орны мен елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты жүзеге асырылатынын нақты жеткізді.

Бүгінде ККЖ-ҰЕҚБЖ жобалары 79 пайызға аяқталды. Жобада көзделген кестеге сәйкес жұмыс күшін қауіпсіз демобилизациялауды қамтамасыз ету мақсатында компания мемлекеттік органдармен тығыз байланыста жұмыс істеуде.

Дата публикации
27 октября 2020
Дата обновления
27 октября 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Баспасөз релиздері
03 октября 2026
Еңбек құқығы – Конституция кепілдік берген құндылық
Пайдалы ақпарат
27 сентября 2026
Өзгерістер мен түсіндірмелер
27 сентября 2026
Әлеуметтік өзгерістер

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы