ҚР Конституциямен және еңбек кодексімен азаматтарды жынысына байланысты кемсітілушілікке жол беру тиым салынған сондай-ақ, әркімнің еңбек ету бостандығы, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауы, қауіпсіздік және гигиена талаптарына сай келетін еңбек жағдайы, қандайда бір кемсітусіз, бірдей еңбек үшін бірдей ақы алу құқығы бекітілген.
Әйелдер мен ерлердің билік құрылымдарына тең қатысуы - бұл біздің еліміздегі гендерлік саясаттың міндеттерінің бірі.
Қазіргі таңда әйелдер өмірлік маңызды салаларда жұмыс істейді, олар мемлекеттік басқару жүйесінің белгілі бір бөлігі болып табылады.
Қазақстандағы демографиялық өсімді қамтамасыз етуде әйелдердің қосқан үлесі өте зор, өйткені балалардың дүниеге келуі, оларды тәрбиелеу әйелдердің басты міндеттерінің бірі.
Бүгінгі таңда елімізде әйелдердің құқықтарын қорғау және олардың мәртебесін жақсарту үшін институционалдық тетіктердің бүкіл жүйесі дамыды.
Осылайша, еңбек заңнамасы ерлер мен әйелдерге тең құқық бере отырып, бір уақытта әйелдерге, оның ішінде мемлекеттік қызметшілерге бірқатар әлеуметтік құқықтарды қамтамасыз етеді.
Заңнамамен әйелдердің еңбегін пайдалануын шектейтін жұмыс орындарының тізбесі бекітіліп, әйелдермен ауыр заттарды көтеру және қолмен жылжытудың максималды нормалары белгіленді.
Ағымдағы жылдың 9 айында Басқармаға 377 әйел адам еңбек қатынастары бойынша жұмыс берушілерге қатысты шағымданған, негізінен шағымдардың басым бөлігі жалақы төлеу мәселесі бойынша.
Сондай-ақ, жүкті әйел адамдардың еңбек құқықтарының бұзылу фактілері орын алуда.
Мысалы, облыс аумағындағы ірі кәсіпорындарға жұмысшылар қызметін ұсынатын «Фиркрофт Инжиниринг» компаниясымен жүктілік анықтамасын ұсынған жұмысшылармен еңбек шартын мерзімі аяқталуына байланысты бұзған.
Басқарманың араласуымен жүкті әйел сот арқылы бұрынғы жұмыс орынна кері оранластырылған.
Бұдан басқа, жұмыс берушілермен жүктілікке және босануға байланысты тиісті төлемдерді алуға қажетті жалақы туралы анықтаманы ұсынбау немесе толық ұсынбау деректері орын алуда, ол өз кезегінде жүкті әйелге тиісті төлем ақыларды алуға кедергі келтіруде.
Бұл мәселе бойынша әйел адамдардың құқықтары Басқармаға жүгінгеннен кейін қалыпына келтірілді.
Жүкті әйелдер ерекше мәртебеге ие.
Мысалы, жұмыс беруші медициналық қорытынды негізінде жүкті әйелді орындайтын жұмысы бойынша, бірақ бұрынғы жұмысы бойынша орташа жалақысынан төмен емес ақы төлей отырып, зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерін болғызбайтын басқа жұмысқа ауыстыруға міндетті.
Сондай-ақ, жұмыс беруші вахталық әдіспен жұмыс істейтін жүкті әйелді мерзімі он екі және одан көп апта жүктілігі туралы анықтама негізінде, орындайтын жұмысы бойынша, бірақ бұрынғы жұмысы бойынша орташа жалақысынан төмен емес ақы төлей отырып, бес күндік немесе алты күндік жұмыс аптасына уақытша ауыстыруға міндетті.
Жүкті әйел, егер ол аяқталған күні жүкті әйел жүктілік туралы анықтама тапсырса, еңбек келісімшартын ұзартуға құқылы. Дәл осындай құқық үш жасқа дейінгі баласы бар, декреттік демалыстағы құқығын пайдаланғысы келетін әйелдерге де қатысты.
Жүкті әйелдерді жыл сайынғы еңбек демалысынан шақырып алуға, оларды түнгі уақытта, демалыс және мереке күндерінде үстеме жұмысқа тартуға тыйым салынады, ал бір жарым жасқа дейінгі балалары бар жұмыс істейтін әйелдерге баланы тамақтандыру үшін орташа жалақысы сақтала отырып жұмыс уақытына кіретін қосымша үзілістер беріледі.
Баланы дүниеге әкелген жүкті әйелдерге декреттік демалыс, жүктілікке байланысты он екі аптаға дейін (үш жұмыс күнінен кем емес) және бала күтімі бойынша үш жылға дейінгі демалыс беріледі (еңбекақысы сақталмайтын) және бұл аралықтағы уақыттар жұмыскердің еңбек өтіліне кіреді.
Сонымен қатар, жұмыс берушінің бастамасымен жүкті әйелдермен еңбек шартын бұзуға белгілі бір шектеулер бар.
Жұмыс берушіге жүктілік туралы анықтаманы ұсынған жүктi әйелдермен, үш жасқа дейiнгi балалары бар әйелдермен, он төрт жасқа дейінгі баланы (он сегіз жасқа дейінгі мүгедек баланы) тәрбиелеп отырған жалғызілікті аналармен, аталған балалар санатын анасыз тәрбиелеп отырған өзге де адамдармен жұмыс беруші жұмыскерлер саны немесе штатын қысқарту бойынша және экономикалық жай-күйінің нашарлауына әкеп соққан өндіріс, орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер көлемі төмендеген жағдай бойынша еңбек шартын тоқтата алмайды.
Жүктілігі және босануы бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық кезеңінде әйелдермен еңбек шарты жұмыс берушімен бірге басқа жерге ауысудан бас тартқан; Еңбек міндеттерін орындауға байланысты өндірістік жарақат алған, кәсіптік ауруға шалдыққан немесе денсаулығына өндіріспен байланысты емес өзге де зақым келген кезде денсаулық жағдайы бойынша басқа жұмысқа уақытша ауысудан бас тартқан жағдайларда бұзылмайды.
Жұмыс беруші жүкті әйелдің, үш жасқа дейінгі баласы бар ата-аналардың бірінің жазбаша өтініші бойынша оларға толық емес жұмыс уақыты режимін белгілеуге міндетті.
Егер еңбек немесе ұжымдық шарт талаптарында, жұмыс берушінің актісінде көзделсе, жұмыс беруші жүктілігі және босануы бойынша демалысқа, жаңа туған баланы асырап алған жұмыскерлерге берілетін демалысқа орташа жалақысын сақтай отырып ақы төлейді.
Бұдан басқа, жүкті әйелдерді зерттеп-қарау және жүктілігі бойынша Медициналық есепке қою уақытында (он екі аптаға дейін) жұмыс орны, лауазымы және орташа жалақысы сақталады.
Жүкті әйел жүктілігі және босануы бойынша демалыста болған кезде жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы толық немесе оның бір бөлігіне ауыстырылады.
Еңбекақы төлеу бөлігінде әйелдерді кемсітуге жол берілмейді.
Қолданыстағы еңбек заңнамасы гендерлік теңдік саясатын ілгерілетуге ықпал етеді және әйелдерге жағдайларын жақсарту және отбасының өмір сүру сапасын арттыру мүмкіндігімен елдің мемлекеттік, саяси, экономикалық және қоғамдық өміріне толыққанды қатысуға мүмкіндік береді деп ойлаймыз.
Әубәкіров И.А.-Атырау облысы мемлекеттік еңбек инспекция басқармасының басшысы, Бас мемлекеттік еңбек инспекторы.