Меню

Страницы

Статья

Еңбек қатынастарын бақылау

Шағын кәсіпкерлікті, оның ішінде микрокәсіпкерлікті дамыту үшін жағдайларды жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың 2019 жылғы 26 желтоқсандағы Жарлығымен (бұдан әрі - жарлық) орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілеріне бару арқылы тексерулер мен профилактикалық бақылауды және қадағалауды 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатуға көрсетілген.

Бұл ретте, Жарлықтың 1-тармағының 10-11) тармақшаларында кәсіпкерлік субъектілерінің көрсетілген санатына тексерулер халықтың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, заңдылық пен қоғамдық тәртіпке ықтимал жаппай қатер төндіретін бұзушылықтардың алдын алу немесе жою; конституциялық құрылыс пен ұлттық қауіпсіздікке, сондай-ақ қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарына жүргізілетін бақылау мен қадағалауға тікелей немесе тікелей қатер төндіретін және т. б. жағдайларда жүргізілуі мүмкін жағдайлар нақты айқындалған.

Сондай-ақ, Жарлықтың 1-тармағының 10-11) тармақшаларында көзделген жағдайларда тексерулерді тағайындау тәртібі белгіленген, онда тексерулер орталық мемлекеттік (тиісті министрлік) немесе жергілікті атқарушы органның (облыс әкімдерінің) бірінші басшысының шешімі негізінде жүргізіледі деп регламенттелген.

Жарлық талаптарын орындау үшін Атырау облысы Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы (бұдан әрі – еңбек инспекциясы) шағын және микрокәсіпкерлік субъектілерін, оның ішінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша кез келген тексеруді тоқтатты.

Осыған байланысты, а.ж. 1 қаңтардан бастап еңбек инспекциясына шағын және микро кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын жұмыс берушінің заңсыз әрекеттеріне ШАҒЫМДАНҒАН азаматтарға (заңды тұлғаларға) дауды медиативтік шешу құқығы және өз құқықтарын сот тәртібімен қорғау мүмкіндіктері түсіндіріледі.

Еңбек дауларын сотқа дейін шешу және азаматтардың еңбек құқықтарын қалпына келтіру мақсатында еңбек инспекциясы "Медиацияны дамыту орталығы"республикалық қоғамдық бірлестігімен меморандум жасасты.

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 192-бабына сәйкес, мемлекеттік еңбек инспекциясының негізгі міндеттері еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау және қызметкерлердің құқықтары мен бостандықтарын сақтауды және қорғауды қамтамасыз ету болып табылады.

Сонымен бірге, Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 14-бабының 3-тармағында кәсіпкерлік субъектілері өз міндеттерін орындау немесе құқықтарын, заңды мүдделерін іске асыру кезінде олардың әрекеттерінің адалдығы көзделеді, бұл ретте кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс-қимыл жасау қағидаттарының бірі кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің заңдылығы және өзара жауапкершілігі болып табылады.

Осыған байланысты, мемлекет тарапынан шағын және микро кәсіпкерлікті жан-жақты қолдауды ескере отырып және жұмыс берушілердің Жарлықтың ережелерін дұрыс түсінуі мақсатында кәсіпкерлердің аталған санаты еңбек заңнамасын сақтау, оның ішінде еңбекті қорғау және қауіпсіздік бөлігінде қызметкерлер алдындағы өз жауапкершілігін толық көлемде сезінуі қажет.

Өз кезегінде, еңбек инспекциясы Медиа Жоспар аясында кәсіпорындар мен ұйымдарда ұжымдар мен жұмыс берушілердің қатысуымен құқықтық түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда.

Дата публикации
21 октября 2020
Дата обновления
21 октября 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Баспасөз релиздері
03 октября 2026
Еңбек құқығы – Конституция кепілдік берген құндылық
Пайдалы ақпарат
27 сентября 2026
Өзгерістер мен түсіндірмелер
27 сентября 2026
Әлеуметтік өзгерістер

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы