Исатай аудандық әкімдігінде Еңбек кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар және еңбек шарттарын электронды тіркеу жайын түсіндіру мақсатында жиын болып өтті.
Халықты жұмыспен қамту орталығының ұйымдастыруымен өткен басқосуда мемлекеттік еңбек инспекторлары Самал Убигалиева мен Жаңыл Сергейқызы жоспарға сәйкес мемлекеттік және оған жартылай теңестірілген мекемелердің басшылары мен қызметкерлеріне, жеке кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмыскерлеріне Еңбек кодексына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша және еңбек шарттарын электронды форматта тіркеу жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
- Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 4 мамырындағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық атілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» №321-VI Заңымен Еңбек кодексының бірқатар баптарына толықтырулар мен өзгерістер енгізіліп, 2020 жылғы 16 мамырда заң күшіне енді.
Осыған орай, Исатай ауданы әкімдігі және Түсіндіру жұмыстары барысында мәжіліске қатысушылар еңбек қатынастары бойынша туындаған сұрақтарына жауап алды.