Меню

Страницы

Статья

Жұмыс берушіге 3 жыл мерзімге Сенім сертификаты табысталды

«QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ өндірістік филиалынан келіп түскен өтінішті қарау нәтижесінде, Атырау облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің департаменті жұмыс берушіге 3 жыл мерзімге Сенім сертификатын беру туралы шешім қабылдады.

         Сенім сертификаты жұмыс берушінің ерікті өтініші негізінде және еңбек заңнамасының, еңбек қауіпсіздігі талаптарының сақталуын, сондай-ақ соңғы үш жылда бұзушылықтар мен өндірістік жазатайым оқиғалардың болмауын бағалау нәтижелері бойынша табысталады.

         «QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ өндірістік филиалы белгіленген өлшемдерге сәйкестігін сәтті растады:

еңбек заңнамасын бұзу фактілері жоқ;

өндірісте жазатайым оқиғалар тіркелмеген;

еңбек қауіпсіздігін сақтау бағытында жүйелі жұмыс ұйымдастырылған;

ашық әлеуметтік саясат қамтамасыз етілген.

         Сенім сертификаты - бұл еңбек саласындағы талаптардың жоғары деңгейде сақталуын мойындау ғана емес, сонымен қатар қызметкерлердің, қоғам мен мемлекеттік органдардың сенімін арттырудың маңызды құралы болып табылады.

Дата публикации
09 июня 2025
Дата обновления
09 июня 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Баспасөз релиздері
03 октября 2026
Еңбек құқығы – Конституция кепілдік берген құндылық
Пайдалы ақпарат
27 сентября 2026
Өзгерістер мен түсіндірмелер
27 сентября 2026
Әлеуметтік өзгерістер

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы