2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаментімен азаматтардан келіп түскен өтініштері негізінде кәсіпорындарға қабылданған шаралардың (тексеріс жүргізу, нұсқама енгізу, әкімшілік іс қозғау) нәтижесінде 10 мекемеден 11,4 млн. теңге жалақы берешектері өндіріліп, 14 жұмысшының еңбек құқықтары қорғалды.
Сондай-ақ, азаматтардың өтініштері бойынша тексеріс жүргізбей, жұмыс берушілермен тиісті түсіндірме жұмыстарын жүргізу арқылы 18 жұмысшының 37,2 млн. теңге жалақылары өндіріліп, арыздары өтініш хат негізінде қараусыз қалдырылды.
Департаментке 2025 жылдың 4 айында 788 (2024ж. 4 айы -802) өтініш тіркеліп, оның 752 (772) қаралып нәтижесімен 402 азаматтың еңбек қатынастары бойынша конституциялық құқықтары қорғалды.
Еңбек инспекторларымен 93 (2024ж. 4 ай -58) тексеріс жүргізіліп, нәтижесімен 99 (35) заң бұзушылықтар анықталды.
Заң бұзушылықтарды жою туралы жұмыс берушілерге 62 (21) тиісті нұсқама беріліп, 47 (14) заңды тұлға әкімшілік жауапкершілік іс қозғалып, 8.6 (2.8) млн. теңге айыппұл салынды.
Еңбек заңнамаларын сақталуын қамтамасыз ету мақсатында департаментке жүгінген 827 азаматқа құқық түсіндіру жұмыстары көрсетілді.
Сондай-ақ, еңбек саласындағы өзекті мәселелер бойынша облыстық телеарнада 3 рет сұхбат берілді. Басылымдарда 9 мақала жарияланды, 7 семинар, 3 дөңгелек үстел өткізілді. Жұмыс беруші мен жұмысшылардың қатысуымен 70 кездесу ұйымдастырылды.
Еңбек шарты, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, кәмелетке толмағандардың еңбегі жөнінде 3 бейнеролик жарияланды.
Барлық іс-шаралар Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасына, «Facebook», «Instagram» әлеуметтік желісіне жарияланып отыр.
Аталған мәліметтер мемлекеттік еңбек инспекциясы тарапынан кешенді және жүйелі жұмыстың жүргізіліп жатқанын растайды. Жалақы берешектерін өндіріп алу, еңбек құқықтарын қорғау, түсіндіру және ақпараттық-түсіндіру науқандары – еңбек қатынастарындағы әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз етудің негізі. Бұл ретте еңбек инспекциясының рөлі тек қадағалаушы ғана емес, сонымен қатар медиация жүргізуші, қоғаммен байланыс орнатушы институт ретінде де нығайып келеді.
Жалақы берешектерін өндіріп алу, еңбек құқықтарын қорғау және кең көлемдегі түсіндіру жұмыстары халықтың еңбек саласындағы құқықтық сауаттылығының артып келе жатқанын көрсетеді. Бұл азаматтардың өз құқықтарын білуге деген талпынысының және еңбек инспекциясының ақпараттық жұмысының нәтижесі. Азаматтар еңбек құқығы бұзылған жағдайда қайда, қалай жүгіну керектігін жақсы түсінеді.
Алайда жұмыс берушілердің заңға бейжай қарауы – өзекті мәселе болып қала береді. Сондықтан алдағы кезеңде түсіндіру шараларымен қатар, жауапкершілікті күшейту, профилактикалық бақылауды дамыту, цифрлық бағдарламаларды жетілдіру сынды бағыттарда да жұмыстар күшейтіліп, басты назарда ұсталуда.
Мемлекеттік еңбек инспекциясы
комитетінің Атырау облысы бойынша
департаментінің басшысы
И.Әубәкіров