Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының нормаларын кәсіпкерлік субъектілері арасында түсіндіру жөніндегі жұмыс жоспарын орындау мақсатында Атырау облысының ЕҚ бойынша бас маман - мемлекеттік еңбек инспекторы Хамитов Мұхамед-Расул Жақайұлы "Zoom"қосымшасы арқылы бейнеконференция режимінде кеңес өткізді.
Аталған іс-шараға "Болашақ Атырау", "Фиркрофт", "Каспиан Дриллинг", "Ақсу Дриллинг", "Мұнайлы Қазақстан", "ЮСС-Суппорт", "Атырау-Жарык" сияқты кәсіпорын басшылары, кадр қызметінің қызметкерлері және ЕҚ жауапты тұлғалары қатысты. Аталған кеңеске қатысушылар сұрақтар қойып, өндірістік жарақаттану туралы хабардар болды, сондай-ақ өндірістегі жазатайым оқиғалардың негізгі себептері мен алдын алу шараларымен танысты.
Сонымен қатар, кеңеске қатысушыларға келесі мәселелер бойынша ақпарат берілді:
* Vision Zero қызметкерлерінің қауіпсіздігі, еңбек гигиенасы және әл-ауқатына арналған халықаралық компанияға қосылу;
* еңбекті қорғауды басқару жүйесін енгізу және оны бақылау;
* "халықтық бақылау" жүйесін енгізу.