Ағымдағы жылдың 8 айында Басқармаға келіп түскен арыздар саны- 949.
Олардың: 864-арыз, 25-шағым, 60- түсіндірме сұраныс хаттар.
Арыздардың басым бағыты еңбекақы берешегі, жұмыстан заңсыз шығару немесе қысқарту, еңбек демалысын уақытында алмауы.
Еңбекақы берешегі бойынша: ағымдағы жылы мемлекеттік еңбек инспекторларының тексеруімен 1 146 жұмысшының 363 млн. теңге еңбекақылары өндірілді, оның ішінде мониторинг жұмыстарын жүргізу арқылы 538 жұмысшының 116 млн. теңге еңбекақысы және азаматтардың өтініштері негізінде тексеру жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 608 жұмысшының 248 млн. теңге жалақылары төленді.
Сонымен қатар, тексерусіз жедел түрде еңбек құқықтарын қалпына келтіру арқылы 9.2 млн. теңге еңбекақысын өндіру нәтижесінде 79 жұмысшы арыздарын кері қайтарып алды.
Өндірісте орын алған жазатайым оқиғалар бойынша: облыс өңірінде орналасқан кәсіпорындарда орын алған 28 өндірістік жазатайым оқиғаның салдарынан 30 жұмысшы ауыр дене жарақатын алып, 4 жұмысшы қаза тапқан.
Өндірісте 18 жазатайым оқиға 100% жұмыс берушінің кінәсінен және 5 жазатайым оқиға 70% жұмысшының кінәсінен, 5 жазатайым оқиға 50% екі жақтың бірдей кінәсінен орын алған. Барлық өндірістік жазатайым оқиғалар бойынша жүргізілген арнайы тергеу құжаттары процессуалдық шешім қабылдау үшін құқыққорғау органдарына жолданды.
Кәмелетке толмағандардың еңбегін қорғау бойынша:
Кәмелетке толмағандардың еңбегі маусымдық кезеңде жыл сайын ІІД (Атырау облысы Ішкі Істер Департаменті) арқылы рейд жүргізіліп анықталады. Биыл кәмелетке толмағандармен және оларға қарсы жасалатын қылмыс пен құқықбұзушылықты алдын алу мақсатында Атырау қалалық полиция басқармасымен «Түнгі қаладағы балалар» атты профилактикалық іс-шаралар өтті. Рейд кезінде анықталған фактілер бойынша ҚР ӘҚБТ Кодексінің 86 бабының 3 тармағына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды («ЛЕТО» кофеханасы, «BARBARIS catering» ЖШС-де кәмелетке толмағандарды жұмысқа еңбек шартынсыз жіберген) Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 86-бабының 3- тармағына сәйкес айыппұл төленді.
Еңбек даулары бойынша 43 кәсіпорында орын алған:
Биыл облыс өңірінде 2 («Фиркрофт» және «НГСК Казстройсервис») кәсіпорында наразылық акциясы орын алды, сондай-ақ 41 еңбек ұжымында еңбек даулары орын алып, оның ішінде 40 кәсіпорындағы ахуал жұмысшылардың пайдасына шешіліп, 3 кәсіпорынға қатысты қажетті шаралар қабылдануда. Еңбек дауларын алдын алу және еңбек дауларын сотқа дейінгі бейбітшілік жолмен шешу жолдарын қарастыру мақсатында 2019 жылдың 5 қарашасында «Атырау облысы мемлекеттік еңбек инспекция басқармасы» және "Атырау облысы бойынша медиацияны дамыту орталығы" Республикалық қоғамдық бірлестігі арасында еңбек дауларын шешудің альтернативтік әдісі ретінде бірлескен ынтымақтастық МЕМОРАНДУМЫНА қол қойылды.
Шетелдік жұмыс күштері бойынша:
2021 жылы шетелдік жұмыс күші бар 26 компанияға тексеру жұмыстары жүргізілді. Тексеру нәтижесімен- 918 855 теңге айыппұл салынды
2019 жылы -103 кәсіпорын тексерілді. Тексеру нәтижесінде 89, 9 млн. теңге сомасында айыппұл салынды.
2020 жылы -23 кәсіпорында тексеру жүргізілді. Нәтижесінде 11,1 млн теңге сомасында айыппұл салынды.
Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бойынша: Жұмысшыларға, жұмыс берушілерге еңбек заңнамасы бойынша түсіндіру жұмыстары жалғасуда. Қазыр карантин жағдайында ЗООМ желісі арқылы түсіндіру жұмыстары өтіп жатыр. Көбіне көтеріліп отырған мәселе вакцина мәселесі, ол туралы кешегі аптада әлеуметтік сала қызметкерлері арасында 90-нан астам қызметкерлер қатысып нақты түсіндірме берілді. Оған қоса еңбек қатынастары мен еңбек қауіпсіздігі бойынша түсіндірме жұмыстары жалғасуда. Жыл басынан бері Басқармамен дайындалған «Еңбек шартын жасаңыздар!», «Еңбек қауіпсізідігін сақтайық»», «Кәмелетке толмағандардың еңбегі заңмен қорғалады» атты бейне-роликтер, 30 тамыз Конституция күніне арналған Атырау газетінде «ЕҢБЕККЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ- бүгінде қалай қорғалып отыр» атты мақала берілді, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде бейне-жазба, еңбек шартын бірыңғай есепке алу және еңбек қауіпсіздігі бойынша ЗООМ желісі бойынша дөңгелек үстелдер өткізілді.
Еңбек заңнамасы бойынша, жалпы еңбек қатынастарына байланысты тұрғындардан қоңыраулар жиі түседі, басқармасының фейсбук желісі арқылы, немесе 87719927263 ватсап арқылы (815 адамға кеңес берілді) және қала тұрғындары үшін «1302» (52 адамға кеңес берілді) жедел телефоны арқылы хабарласып, еңбек заңдылығы бойынша кеңестер алып отырады.
Сонымен қатар, ТШО және басқа да кәсіпорындарда, мекемелерде еңбек заңнамасы бойынша ақпарат алу үшін немесе еңбек дауы анықталған жағдайда кеңестер алу үшін жедел Басқарманың телефон номерлері мен жауапты қызметкерлер жазылған парақшалар таратылып, жарнамалық бетшелер ілінді.