"АТАМЕКЕН" кәсіпкерлер палатасында Еңбек заңнамасы бойынша түсіндіру жұмысы

Онлайн режимде Атырау облысының "АТАМЕКЕН" кәсіпкерлер палатасында Атырау облысының мемлекеттік еңбек инспекция басқармасының өкілдерінің қатысуымен еңбек заңнамасын түсіндіру бойынша кездесу өтті. Кездесуге Атырау қаласының 30-ға жуық кәсіпкері қатысты.
Атырау облысы Мемлекеттік еңбек инспекция басқармасы басшысының орынбасары Д.А.Әбеуов өз сөзін келесі критерийлер бойынша түсіндірді:
ШАҒЫН БИЗНЕСТІ ТЕКСЕРУГЕ ЖАРИЯЛАНҒАН МОРАТОРИЙ;
ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІН САҚТАУ;
БАЛАЛАР ЕҢБЕГІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ;
ЭЛЕКТРОНДЫҚ ЕҢБЕК ШАРТТАРЫ.
Қатысушыларға барлық сұрақтарға жауап берілді және еңбек заңнамасы бойынша сұрақ туындаған жағдайда еңбек инспекциясының жедел желі нөмірі 87719927263 ватсап телефонына хабарласу ұсынылды.
 
 
Дата публикации
10 июня 2021