Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Әкімшілік талдау

Атырау облысының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасына келіп түскен азаматтардың өтініштерін талдау көрсеткендей, азаматтар негізінен жалақыны және өтемақыны уақтылы төлемеумен байланысты еңбек заңнамасын бұзу мәселелері бойынша жүгінеді.

Әрине, жалақыны толық және уақтылы төлеу әр отбасының тұрақтылығының негіздерінің бірі болып табылады.

Бұл жерде Қазақстан Республикасының Конституциясында және Еңбек кодексінде азаматтардың өтініш жасаған және профилактикалық бақылау барысында еңбекке ақы төлеу мәселелері мемлекеттік еңбек инспекторлары тарапынан мұқият тексерудің нысанасы болып табылатын, еңбек бостандығына және еңбек үшін сыйақы алу құқығы қандай да бір кемсітушіліксіз бекітілгенін атап өткен жөн.

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 113-бабына сәйкес жалақы Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен ақшалай нысанда белгіленеді және айына бір реттен сиретпей, келесі айдың бірінші онкүндігінен кешіктірілмей төленеді. Жалақы төленетін күн еңбек, ұжымдық шарттарда көзделеді. Жалақы төленетін күн демалыс немесе мереке күндеріне тура келген кезде төлем олардың қарсаңында жүргізіледі. Жалақы төлеу кезінде жұмыс беруші әрбір жұмыскерге тиісті кезең үшін оған тиесілі жалақының құрамдас бөліктері, жүргізілген ұстап қалулардың мөлшерлері мен негіздері туралы, оның ішінде ұстап қалынған және аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы, сондай-ақ төленуге тиісті жалпы ақша сомасы туралы мәліметтерді жазбаша немесе электрондық нысанда ай сайын хабарлауға міндетті. Еңбек шарты тоқтатылған кезде жұмыс берушіден жұмыскерге тиесілі сомаларды төлеу ол тоқтатылғаннан кейінгі үш жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде еңбек инспекторлары азаматтардың 968 өтінішін қарады және нәтижелері бойынша облыстың кәсіпорындары мен ұйымдарының 403 қызметкерінің еңбек құқықтары қорғалды.

Мемлекеттік еңбек инспекторлары жалақыны уақтылы төлемеген барлық анықталған фактілер бойынша жұмыс берушілердің атына бұзушылықтарды жою туралы орындалуы міндетті нұсқамалар енгізеді.

Жалақыны уақтылы төлемегені үшін 25 жұмыс берушіге қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 87-бабы бойынша жалпы сомасы 4,7 млн.теңгеге айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолдана отырып, 25 Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды.

2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейінгі кезеңде еңбек инспекциясының ден қою шараларымен жұмыс берушілер жалақы бойынша 182, 4 млн.теңге берешек төледі.

Мысалы, ағымдағы жылы "Атыраумұнаймаш" ЖШС-да маусым айындағы жалақы бойынша 327 жұмыскердің алдында жалпы сомасы 56,1 млн.теңгеге берешек пайда болды, оны жою үшін еңбек инспекциясы нұсқама енгізді, оны қарау нәтижелері бойынша берешек өтелді. Сонымен қатар, "Атыраумұнаймаш" ЖШС қызметкерлерге еңбекақыны уақытылы төлемегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, әкімшілік айыппұл салынды.

Қазіргі уақытта облыстың 3 кәсіпорнында 21 жұмыскердің алдында 6,5 млн.теңге мөлшерінде жалақы бойынша берешек бар ("Water Energi" ЖШС - 4,7 млн. теңге, "Казэлектрикум" ЖШС - 342 015 теңге және "Catering Lider Company" ЖШС - 1,5 млн. теңге).

Аталған берешектер 2017-2019 жылдар кезеңінде пайда болды және оларды өтеу үшін Облыстың еңбек инспекциясы ұйғарымдар берді, ал компаниялардың басшылары әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Уәкілетті мемлекеттік және құқық қорғау органдарымен бірлесіп жалақы бойынша берешекті өтеу және қызметкерлердің құқықтарын қалпына келтіру бойынша жұмыс жүргізілуде, оның нәтижелері бойынша еңбек инспекциясы материалдарды прокуратура органдарына берді және 2 компанияның басшыларына қатысты ҚР ҚК 152-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық істер қозғалды.

Берешекті өтеу бойынша жұмыс жалғасуда.

Еңбек заңнамасының бұзылуына жол бермеу үшін мемлекеттік еңбек инспекциясы тұрақты негізде жұмыс берушілермен де, өңір азаматтарымен де түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

 

Басшының орынбасары

Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы

Атырау облысы

Әбеуов Думан Әлиасқарұлы

Документы
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
09 сентября
Әдеп жөніндегі уәкілмен кездесу
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы