Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 17 қыркүйектегі № 327 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 18 қыркүйекте № 35078 болып тіркелді.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 10.10.2024 бастап қолданысқа енгізіледі.
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
|
Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс министрі |
К. Шарлапаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істетр министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи
ресурстар министрлігі
|
|
Қазақстан Республикасы |
"Заңды тұлғалардың түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары
1 тарау. Жалпы ережелер
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны, Қазақстан Республикасының дара кәсіпкерін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Мемлекеттік органдар көрсетілетін қызметті берушінің сұрау салуы негізінде сұрау салу жіберілген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушіге қарау нәтижелері туралы жауап жібереді.
Мемлекеттік органдар көрсетілген мерзім ішінде жауап ұсынбаған жағдайда, рұқсат беру келісілген болып есептеледі.
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін және осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес "Заңды тұлғалардың түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде жазылған негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі. Тыңдау хабарлама жасалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту береді.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" көрсетілетін қызметті беруші басшысының не оны алмастырушы адамның ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі және сақталады.
Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде келіп түседі.
3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Көрсетілетін қызметті беруші шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей шағымды және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
1) көрсетілетін қызметті беруші – тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
2) мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде.
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда, 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымды қарау өкілеттігі берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды берген көрсетілетін қызметті алушыға оны ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімі ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағымды қағаз тасығышта берген кезде) немесе электрондық нысанда (шағымды электрондық түрде берген кезде) хабарлайды.
Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін жол беріледі.
|
|
Заңды тұлғалардың түсті және |
|||
|
"Заңды тұлғалардың түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру" мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі |
|
|||
|
1 |
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы |
облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары |
|
|
|
2 |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері |
"Электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы |
|
|
|
3 |
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі |
15 (он бес) жұмыс күні ішінде |
|
|
|
4 |
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны |
Электрондық (ішінара автоматтандырылған) |
|
|
|
5 |
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Заңды тұлғалардың түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға рұқсат немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту. |
|
|
|
6 |
Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде өтініш берушіден алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері. |
Заңды тұлғалардың түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру кезінде - 10 (он) айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі - АЕК). Заңды тұлғалардың түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға рұқсат алғаны үшін ақы төлеу екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылады. Төлемді "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі - ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылуы мүмкін |
|
|
|
7 |
Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі-Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін; 2) портал - техникалық жұмыстарды жүргізуге байланысты үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, кодекске сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). Келіп түскен өтініштерді тіркеу дүйсенбіден жұманы қоса алғанда жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жүзеге асырылады, сағат 17.00-ден кейін түскен өтініштерді тіркеу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады. |
|
|
|
8 |
Мемлекеттік қызметтің көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
1) осы Негізгі талаптар тізбесіне қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш; 2) ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін рұқсат алымының бюджетке төленгенін растайтын мәліметтер; 3) жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны, Қазақстан Республикасының дара кәсіпкерін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады; 4) "Түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін екінші санаттағы рұқсаттарды беру кезінде рұқсат беру талаптарын және олардың сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 19 шілдедегі № 271 бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34798 тіркелген) көрсетілетін қызметті алушының рұқсат беру талаптарына сәйкестігі туралы құжаттар (ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттар мен мәліметтерді қоспағанда). |
|
|
|
9 |
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; 2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің "Түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін екінші санаттағы рұқсаттарды беру кезінде оларға сәйкестікті растайтын рұқсат беру талаптары мен құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы "19" шілдедегі № 271 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34798 тіркелген) талаптарға сәйкес болмауы; 3) мемлекеттік қызметті көрсету үшін талап етілетін келісу туралы сұрау салуға уәкілетті мемлекеттік органның теріс жауабы, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы; 4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) бар; 5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімі бар, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқығынан айырылады. 6) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге ұсынылатын келісімінің болмауы. |
|
|
|
10 |
Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған кезде портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызметті алу мүмкіндігіне ие. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары: 1) көрсетілетін қызметті беруші – "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде; 2) портал. |
|
|
|
|
Заңды тұлғалардың түсті және |
|||
|
|
Нысан |
|||
Заңды тұлғалардың түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға рұқсат беруге өтініш
Заңды тұлғалардың түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын
жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге
асыруға рұқсат беруге өтініш
___________________________________________________________________
(мемлекеттік органның толық атауы)
_________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы)
Өтініш берушінің мекенжайы___________________________________________
(индекс, қала, аудан, облыс, көше, үй нөмірі, телефон)
Өтініш берушінің деректемелері______________________________________
(бизнес сәйкестендіру нөмірі)
Заңды тұлғалардың түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын
жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге
асыру үшін рұқсат беруіңізді сұраймын
Қоса беріліп отырған құжаттардың тізбесі:
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және заңмен қорғалатын құпияны
құрайтын ақпараттық жүйелердегі мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.
Қолы ____________ Өтініш берілген күні _________
|
|
Заңды тұлғалардың түсті және |
Жергілікті атқарушы орган ___________________________________________
(облыс, республикалық маңызы бар қала және астана)
Заңды тұлғалардың түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға рұқсат ______________________________________________ (тіркеу нөмірі)
қала 20__ жылғы "__" ______
Осы рұқсаттама ______________________________________ берілді
(куәлік берілетін заңды тұлғаның толық атауы)
Заңды тұлғаның мекенжайы ___________________________________________
(индекс, қала, аудан, облыс, көше, үй нөмірі, телефон)
Өтініш берушінің деректемелері __________________________________
(бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
Бұл рұқсаттама 20__ жылғы "__"______дейін жарамды
Көрсетілетін қызметті беруші уәкілеттік берген лауазымды
тұлға_______________________________________________________________
(лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) көрсетіле отырып)
Қолы__________ _______
Мөр орны Бланк сериясы Бланкі №______
|
|
Заңды тұлғалардың түсті және |
|||
|
|
нысан |
|||
|
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органының атауы |
|
Наименование местного испольнительного органа, городов республиканского значения, столицы |
|
|
|
_________қаласы |
|
город _______ |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Нөмірі: [Нөмірі құжаттың] |
|
берілген Күні: [берілген Күні] жылы |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
[ұйымның атауы, заңды мекенжайы, БСН/ЖСН] |
|
|
|
ДӘЛЕЛДІ БАС ТАРТУ |
|
|
||
|
"Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органының атауы" республикалық мемлекеттік мекемесі Сіздің [жыл күні] № [кіріс құжатының нөмірі] өтінішіңізді қарап, мынаны хабарлайды: [Бас тарту негіздемесі] |
|
|
||
[Қол қоюшының лауазымы] [қол қоюшының аты-жөні, тегі (бар болған жағдайда)]
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК