Атырау облысы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының қызметінлегі жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне
ішкі талдау туралы
ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА
Атырау қаласы 2024 жылғы 31 мамыр
Атырау облысы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының 2024 жылғы 30 мамырдағы №41 бұйрығының негізінде 2024 жылдың 31 мамыр - 14 маусым аралығында Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасында 2023 жылдың 1 қыркүйек және 2024 жылдың 1 мамыр аралығындағы қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау (бұдан әрі -Талдау) жүргізілді.
Талдау келесі тұлғамен жүргізілді:
|
Сабыров Сәттіғұл Болатұлы |
- |
Кәсіпкерлікті қолдау бөлімінің басшысы |
Талдау кезінде персоналды басқару, мүдделер қақтығысын реттеу, бақылау-тексеру функцияларын іске асыру, рұқсат беру функцияларын іске асыру, бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу, жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу, ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану бойынша, ұйымдастыру- басқару қызметінен туындайтын өзге де мәселелер бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша келесі сыбайлас жемқорлық тәуекелдер анықталды.
1) «Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2023 жылғы 17 шiлдедегi № 140 бұйрығымен (бұдан әрі - бұйрық) бекітілген.
Бұйрық негізінде кәсіпкерлер әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілердің реестіріне енгізіліп, өз кезегінде кәсіпкерге мемлекеттік бағдарламаларды қолдану барысында жеңілдіктер, салықтық жеңілдіктер, жалдау ақысын субсидиялау секілді жеңілдіктер көзделген.
Бұйрықтың 2-тарау 13-тармағында «Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары осы Қағидалардың 5–9-тармақтарында көрсетілген өтініш пен құжаттарды қарау кезінде құжаттар ұсынылған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарда қамтылатын мәліметтердің толықтығын тексеруді жүзеге асырады» делінген.
Сонымен қатар, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары осы Қағидалардың 5–9-тармақтарында көрсетілген өтініш пен құжаттарды қарау кезінде оларды тиісті мемлекеттік органдардан алынған ақпаратпен салыстырып тексеру арқылы мәліметтердің анықтығын тексеруді жүзеге асырады.
Ұсынылады:
ҚР Ұлттық экономика министрлігіне Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2023 жылғы 17 шiлдедегi № 140 бұйрығы қағидаларына өзгерістер енгізу.
1) Қағидалардың 5–9-тармақтарына: Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары осы Қағидалардың 5–9-тармақтарында көрсетілген өтініш пен құжаттарды қарау кезінде құжаттар ұсынылған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде қарап, ұсынылған құжаттарда қамтылатын мәліметтердің толықтығын тексеру үшін оларды тиісті мемлекеттік органдарға жолдау.
2) Қағидалардың 5–9-тармақтарына: Тиісті мемлекеттік органдар облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарынан түскен сұранысты 2 (екі) жұмыс күні ішінде қарап, осы Қағидалардың 5–9-тармақтарында көрсетілген өтініш пен құжаттарда қамтылған мәліметтердің толықтығы мен анықтығын тексеруді қамтамасыз ететін ақпаратты жолдау.
3) Қағидалардың 5–9-тармақтарына: Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары осы Қағидалардың 5–9-тармақтарында көрсетілген өтініш пен құжаттарды қарау кезінде оларды тиісті мемлекеттік органдардан алынған ақпаратпен салыстырып тексеру арқылы мәліметтердің анықтығын тексеруді жүзеге асыру.
4) Қағидалардың 5–9-тармақтарына: Осы Қағидалардың 5–9-тармақтарында көрсетілген өтініш пен құжаттардың толық еместігі және тиісті мемлекеттік органдардан алынған ақпаратпен салыстырып тексеру арқылы мәліметтердің анық еместігі анықталған жағдайда облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары 1 (бір) жұмыс күні ішінде өтініш пен құжаттарды кері қайтару.
5) ҚР Ұлттық экономика министрлігіне Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2023 жылғы 17 шiлдедегi № 140 бұйрығының қағидаларына ақпараттық-талдау жүйесі базасында функционалды әзірлеу кезінде Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық жүйесімен, сондай-ақ Enbek.kz электрондық еңбек биржасымен интеграцияны ескере отырып, әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне өтінім беру мүмкіндігін қарастыру.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижесінде 3 тәуекел анықталып оларды жою бойынша 5 ұсыным берілді.
Кәсіпкерлікті қолдау бөлімінің басшысы С.Сабыров
Атырау облысы Кәсіпкерлік және
өнеркәсіп басқармасы басшысы П.Хасанов