Меню

Страницы

Статья

Индер ауданы бойынша инвестициялық жобалар және құрылыс жұмыстары

Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және әлеуметтік желі қолданушылары!

Ағымдағы жылдың қаңтар-шілдесінде негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлемі 4 млрд 687 млн.теңгені құрап, өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 2 есеге көбейді (01.08.2020 жылы - 2 млрд 229 млн.теңге).Оның ішінде республикалық бюджет есебінен – 2 млрд. 455 млн.теңге, жергілікті бюджет есебінен – 867,2 млн.теңге, меншікті қаражат – 1 млрд. 361 млн.теңге.

Индер ауданында2021-2025 жылдар аралығында жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру бағытында 15млрд 300 млн. теңгені құрайтын 9 жоба жүзеге асыру көзделіп отыр. Бұл өз кезегінде 648адамныңтұрақты жұмыспен қамтылуына мүмкіндік береді.

Оның ішінде, ағымдағы жылы 3 жобаныжүзеге асыру жоспарланып отыр, оның 2-еуі кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында іске асырылатын болады.2 млрд. 410 млн.теңге болатын бұл жобалар іске асырылған жағдайда 80 адам жұмыспен қамтылады. Атап айтсақ:

«InderTuzCompany» ЖШС-мен 1,5 млрд теңгені құрайтын ас тұзын өндіру зауытын ағымдағы жылдың қыркүйек айында іске қосуды жоспарлап отырымыз. Ашылған жағдайда 30адамға тұрақты жұмыс орны ашылып, тұз өнімдері Қазақстанның барлық қалаларына және Ресей еліне теміржол арқылы тасымалданатын болады. Қазіргі таңдатексеріп-қосу және ауласына абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, алғашқы өнімдерін шығарды. Зауыт толық іске асқан жағдайда жылдық өнімнің қуаттылығын30 мың тоннаға жеткізу көзделуде.

«ИсиГипсИндер» ЖШС-мен 160 млн. теңгені құрайтын құрғақ құрылыс қоспаларын және шағын бұйымдарды өндіру зауытын жыл соңына дейін ашу күтілуде. Жылдық қуаттылығы – 10 000 тонна болатын зауыт іске қосылған жағдайда жергілікті 5 адамды тұрақты жұмыспен қамтитын болады. Зауыт өнімдерін ең алдымен ішкі нарықта сату жоспарлануда.

«НЭФТЭК» ЖШС-мен 750 млн теңгені құрайтын екі жанармай құю бекеті менкемпингтің құрылысы жүргізілуде. Қазіргі уақыттанысандардың ішкі жұмыстары жүргізіліп, инженерлік-коммуникация тарту жұмыстары басталды.Жыл соңына дейін құрылыс жұмыстарын аяқтап, халық игілігіне тапсыру жоспарлануда.  Кәсіпкерлік нысан толық іске асқан жағдайда жергілікті 45 адам жұмыспен қамтылатын болады.

Одан бөлек, аудан көлемінде 100 млн-ға дейінгі көлік жуу және жөндеу орталықтары, сауда үйлері мен құрылыс бөлшек сауда орындары сияқты шағын жобалар іске асуда.

Осы аталған жобалар іске асқан жағдайда өнеркәсіп өнімінің көлемі 56 пайызға немесе 1 млрд. 660 млн теңгеге артады.(2020 жыл бойынша 2 млрд. 941 млн.тг)

Орта мерзімді кезеңдегі 4 жобаның инвестициялық көлемі 6 млрд 700 млн. теңгені құрайды. Жоба іске асырылған жағдайдажергілікті 350адам жұмыспен қамтылатын болады. Атап айтсам:

«НефтьСтройСервис» ЖШС-мен іске асырылатын инвестиция көлемі3 млрд. 700 млн. теңгені құрайтын Тұзды көл аумағында туристік аймақ қалыптастыру мақсатында емдеу-сауықтыру кешенін салу жоспарланып отыр. Қазіргі таңда ғимараттың іргетасына қажетті бетонды блоктар дайындалуда. (Жоба іске асқан жағдайда жергілікті 150 адам жұмыспен қамтылатын болады).

Сонымен қатар, 500 млн теңгені құрайтын «ZIK Production» ЖШС-мен борат рудасын өндіру зауытын ашу көзделді. Қазіргі таңда борат рудасын өндіру үшін келісім-шарт рәсімделіп, жер телімінің құжаттары жасақталуда.(Жоба іске асқан жағдайда 20 адам жұмыспен қамтылатын болады).

Тағы бір жобамыз «Атырау жылыжай комбинаты» ЖШС-мен2 млрд. 5 млн. теңгені құрайтын жылыжай кешенін іске қосу жоспарлануда. Инвесторға  10 гектар жер телімі беріліп, жобалық-сметалық құжаттамасы жасақталуда.Жоба іске асқан жағдайда жергілікті 130 адам жұмыспен қамтылатын болады.

Одан бөлек, маңызды жобаларымыздың бірі -агроаймақ кешені болып табылады.Ауданымыздағы Көктоғай ауылы жанынан пилоттық жобада өңірлік индустриалдық аймақ құрылып, шаруалар үшін20 гектар жер телімі ұсынылып отыр.

Агроаймақта негізінен мал сою пункті, бордақылау алаңы және жылыжай кешендері жүзеге асырылып, ауыл тұрғындары жыл бойы сапалы әрі арзан ауылшаруашылығы өнімдерін тұтына алады. Күні бүгінде 10-ға жуық ауыл кәсіпкерлері жобаны жүзеге асыруға ниеттеніп отыр. Бұл жоба іске асырылған жағдайда жергілікті50 адам жұмыспен қамтылатын болады.

Күні бүгінде, ұзақ мерзімді қамтитын 3 жобамыз бар.Олардың негізгі бағыттары ас тұзы және өндірістік тұз өндіру,құс және мал шаруашылығы саласы және табиғи гипсты сату жобаларын жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз. Қазіргі уақытта жобаларға қатысты кейбір проблемалық мәселелерді шешу бағытындағы жұмыстар жүргізілуде.6 млрд 180 млн. теңге болатын бұл жобалар іске асырылған жағдайда 268 адам жұмыспен қамтылады.

-Анықтама үшін: Ас тұзы және өндірістік тұз өндіру зауытын салу жобасы «Нұра» ЖШС-і арқылы жүзеге асыру жоспарлануда. Жоба құны 1,5 млрд. теңге. Жоба іске асқан жағдайда жергілікті 120 адам жұмыспен қамтылатын болады.

«ABPAKATYRAU» ЖШС-мен 380 млн теңгені құрайтын құс және мал шаруашылығын жүргізу үшін жер телімі алынып, құжаттары толық рәсімделді. Қазіргі уақытта кәсіпкер өз қаражатына байланысты  жобаны кезең-кезеңімен ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Жоба іске асқан жағдайда жергілікті 50 адам жұмыспен қамтылатын болады.

Табиғи гипсты сату жобасын іске асыру жобасы «Bas Tau Engineering» ЖШС-і арқылы жүзеге асыру жоспарлануда. Жоба құны 4 млрд. 3 млн теңгені құрайды.

Табиғи гипсты сату бойынша «ӘКК» ЖШС-і арқылы темір жол мен жүк тасмалының тариф бағасы өсуіне байланысты келіссөздер жеруде. Маңғыстау облысындағы цемент зауыды және Беларусьия мемлекетіндегі «Белгипс» зауыдына коммерциялық ұсыныс жолданды. Жоба іске асқан жағдайда жергілікті 98 адамды жұмыспен қамтитын болады.

 

2020 жылы ауданымызда құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізіліп, жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша 10 жоба және «Ауыл – ел бесігі» бойынша 3 жоба, барлығы 8,2 млрд теңгені құрайтын  13 жобажүзеге асырылды.Өйткені,өткен жылы пандемияға байланысты жұмыссыздықты жою бағытында ауданға инвестициялық жобаларды іске асыру үшін республикалық және облыстық бюджет есебінен қомақты қаржы бөлінген болатын. Ал ағымдағы жылы құрылыс бағытындағы жұмыстардың көлемі 2 млрд.773 млн. теңгені құрап, өткен жылдыңесепті кезеңімен салыстырғанда59 пайызға төмендеп отыр.Бұл көрсеткіштер негізінен жеке сектордағы тұрғын үйлердің құрылысы арқылы ғана есептеліп отыр.

Қазіргі таңда жоғары көрсеткішке жету мақсатында  аудан бойынша барлығы 20,2 млрд. теңгені құрайтын 33 жоба іске асырылуда. Одан бөлек,жыл басынан бері5 млрд. 228 млн. теңге болатын 19 жоба аяқталды.

Ендігі кезекте жыл аяғына дейін 48 пәтерлік 4 үйдің құрылысы, елді мекендерді жарықтандыру жобалары, көп қатарлы тұрғын үйлердің күрделі жөндеу жұмыстары, Жарсуат ауылындағы спорт кешені және басқа да ауқымды жобаларымыз бен жеке меншіктегі тұрғын үйлерарқылы құрылыс көлемінің жоспары 100 пайызғатолық орындалады деп күтілуде.

 

 

Назарларыңызға рахмет!

Баяндама аяқталды.

 

 

Дата публикации
06 сентября 2021
Дата обновления
06 сентября 2021
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
Азаматтарды сайлаушылар тізімдеріне енгізу туралы
18 октября 2026
16 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы