Құрметті ауыл шаруашылық саласының қызметкерлері! Қадірлі еңбек ардагерлері!
Сіздерді кәсіби мереке – Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын! Ауыл шаруашылығы – азаматтарымыздың өмір сапасына тікелей әсер ететін экономиканың басты салаларының бірі.
Осы ретте, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Халық бірілігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты жолдауында, ауыл шаруашылығы саласының басты міндеті – елімізді негізгі азық-түлік өнімімен толық қамтамасыз ету екендігін атап өткен болатын.
Ауданымыздың игілігі үшін маңызы зор саланы нығайтуда сіздер білікті де білімді, іскер де қабілетті маман ретінде өзгелерге үлгі-өнеге болып, өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық және ауыл шаруашылығы саласының дамуына өлшеусіз үлес қосып келесіздер.
Сондықтан да ұзақ жылдар бойы күш-жігерін аямай, ауданның әл-ауқатын арттыруға үлес қосып жүрген жерлестерімізге ерекше алғысымды білдіремін!
Қажырлықпен атқарған жұмыстарыңыз жақсы нәтиже беріп, шаңырақтарыңыз шаттыққа бөленсін! Дендеріңізге саулық, бақыт, отбасыларыңызға береке тілеймін!