Меню

Страницы

Статья

Аудан әкімі С.Өтеғұловтың 1 қыркүйек - Білім күнімен құттықтау сөзі

Құрметті аудан ұстаздары мен оқушылары!

Баршаңызды 1 қыркүйек – Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын!

Еліміздің жарқын болашағы жас ұрпаққа терең мазмұнды білім беру мен ұлтын сүйер патриот азамат етіп тәрбиелеу жолындағы ұстаздар қауымының қажырлы еңбегіне сәттілік тілеп, жаңа оқу жылы жарқын істер мен жетістіктердің бастамасы болуына тілек білдіремін!

Елі үшін қызмет еткен қазақ зиялысы, ұлт тұлғасы Әлихан Бөкейханов: «Бізде бірлік болып, іс қыла білетін шебер табылса, Алаштың баласы бақыт-махаббат жолына түседі», - деп болашаққа үміт артып кеткен еді.

Қай елдің болсын өсіп-өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесі мен тәрбиесінің деңгейіне, даму бағытына тікелей байланысты. Сапалы білім мен тәрбие беруді қамтамасыз ету үшін қазіргі таңда мемлекет білім саласына қолдан келген мүмкіндіктің барлығын жасап келеді.

Жаңа оқу жылында ұстаздарымызға жаңашылдық, шығармашылық табыс, шәкірттерімізге терең білім мен патриоттық сезім тілеймін!

Дата публикации
01 сентября 2021
Дата обновления
01 сентября 2021
Тип
Сөз сөйлеу

Сейчас читают

21 октября 2026
Азаматтарды сайлаушылар тізімдеріне енгізу туралы
18 октября 2026
16 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы