"Есбол ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ережесі

                                                                 «Бекітілді»

                                                          Аудан әкімдігінің

                                                                       2019 жылғы ___ сәуірдегі

                                                           №__ қаулысымен

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Есбол ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы

 

ЕРЕЖЕСІ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Атырау облысы

Индер ауданы

Есбол ауылы

20__ жыл

                                                                           

                                                                    «Бекітілді»

                                                          Аудан әкімдігінің

                                                                       2019 жылғы ___ сәуірдегі

                                                          №__ қаулысымен

                                                  қосымша №3

 

 

«Есбол ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің

ережесі

1.Жалпы ережелер

 

 

  1. «Есбол ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі жергілікті мемлекеттік басқару саласында (ларында) атқарушылық қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
  2. «Есбол ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ведомстволық мекемелері жоқ.
  3. «Есбол ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай - ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  4. «Есбол ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ұйымдық - құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай - ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
  5. «Есбол ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
  6. «Есбол ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық - құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
  7. «Есбол ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Есбол ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңдамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
  8. 8. «Есбол ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
  9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Индекс 060205, Атырау облысы, Индер ауданы, Есбол ауылы, Жамбыл көшесі, 22.
  10. Мемлекеттік органнның толық атауы – «Есбол ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.
  11. Осы ереже «Есбол ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
  12. «Есбол ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерінен, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі бюджетінен (сметасынан) жүзеге асырылады.
  13. «Есбол ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен «Есбол ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі  функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

             Егер «Есбол ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберледі.

 

 

  1. «Есбол ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

  1. «Есбол ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің миссиясы:

Қазақстан Республикасының Заңдарының, Қазақсан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерінің, облыс, аудан әкімиятының қаулыларының, тапсырмаларын  орындалуын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.

  1. Міндеттері:

         1) Ауылдық округ әкімінің аппараты мамандары аппарат жұмысын ұйымдастырады және өздеріне тапсырылған міндеттері атқарады.

Аппаратқа жүктелген жұмыстардың орындалуына, өз міндеттерін жүзеге асыруға жауап береді;

         2) Ауылдық округі әкімінің  аппараты мүддесін мемлекеттік органдар, басқа ұйымдар мен мекемелерде білдіреді;

         3) Ауылдық округі әкімінің аппаратына жүктелген функцияларды орындау үшін оның құрамында комиссиялар құрылады. Мамандар ауылдық округ әкімінің аппараты қызметкерлері болады;

         4) Ауылдық округ әкімінің аппараты мамандары осы ереже негізінде жұмыс жасайды;

         5) Осы ережеден туындайтын мәселелерді карау тәртібі мен оларды әзірлеу округ әкімі тапсырмасымен реттеледі;

         6) Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес әкімге жүктелген басқа да міндеттерді орындайды;

         7) Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асырады, өз құзыреті шегінде тиісті салада мемлекеттік мүлікті басқару аясындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді, бекітеді;

         8) Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің басым бағыттырын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсететін қызметтерінің) міндетті көлемдерін айқындайды;                                                                                                                                

          9) Республикалық мемлекеттік мекеме қызметінің нысанасы мен мақсатын айқындайды;

         10) Мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға республикалық мемлекеттік кәсіпорын қызметінің кәсіпорын қызметінің нысанасы мен мақсатын айқындау бойынша, сондай-ақ осындай қызметті жүзеге асыратын республикалық мемлекеттік кәсіпорынның түрін (шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе қазыналық кәсіпорын) айқындау жөнінде ұсыныстар енгізеді;

         11) Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын және оларды орындау жөніндегі есептерін қарайды, Заңда көзделген жағдайларда келіседі және бекітеді;

          12) Республикалық заңды тұлғалар мүлкінің сақталуын және республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларының орындалуын бақылауды жүзеге асырады;

         13) Мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға республикалық заңды тұлғаға берілген немесе ол өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде сатып алған мүлікті алып қоюға немесе бөлуге келісімін береді;  

         14) Республикалық мемлекеттік мекемелердің жарғысын (ережесін), оған енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды бекітеді;                                                                            

        15) Республикалық заңды тұлғаның жылдық қаржылық есептілігін бекітеді;

16) Республикалық мемлекеттік мекемелерді республикалық бюджеттен қаржыландыру жоспарларын бекітеді;

17) Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде айқындалған өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады;

16.Функциялары:

1) Ауылдық округ әкімінің аппараты өз қызметін, округ мәжілістері және әкімдік басшылығын өткізетін басқа шараларды талдау, құқұқтық ұйымдастырушылық, құжаттамалық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етеді. Ауылдық округ әкімі аппаратының мамандары конкурстық негізде жұмысқа қабылданады, ауылдық округ әкімінің өкімінің еңбек заңдылықтарына сәйкес жұмыстан босатылады;

2) Жергілікті мекемелер қызметін үйлестіреді;

3) Аудан әкімінің аппаратымен аудандық мәслихатпен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, қоғамдық ұйымдармен және азаматтармен өзара іс-әрекетін қамтамасыз етеді;

 4) Ауылдық округ әкімі заң талаптарына сәйкес ауылдық округ әкімінің аппараты мемлекеттік еңбек заңдылықтарына сәйкес жұмысқа қабылдайды және босатады;

5) Ауылдық округ әкімі қызметін ол жоқта өкілеттік берілген ауылдық округ әкімінің аппаратының маманы атқарады;

6) Мемлекеттік тілді пайдалану саласын кеңейтуге жағдай жасап, жұмыс тәсілі мен әдісін жақсартады. Мемлекеттік тілде іс жүргізеді;

7) Жеке және заңды тұлғалар хаттарын, арыздарын қарайды;

8) Қызметтік құжаттарды қарайды;

9) Ауылдық округ әкімінің аппараты оның мамандарының азаматтарды қабылдауын ұйымдастырады;

10) Ауылдық округ әкімінің аппараты округтің жағдайы мен әлеуметтік экономикалық дамуын сипаттайтын материалдар дайындайды;

11) Саяси шаралардың идеологиялық, ақпараттық-насихаттық жоспарын қамтамасыз етеді;

12) Қоғамдық-саяси, жастар, әйелдер, ардагерлер ұйымдарымен, діни орындармен өзара іс-қимылын үйлестіреді;                                                                                                      

13) Бұқаралық ақпарат құралдарында ауылдық округ әкімінің қызметін жариялайды;

14) Ауылдық округтегі кадрларды оқыту мен қайта даярлауды ұйымдастырады;

15) Әлеуметтік саладағы округтің бағдарламасын әзірлеу және жүзеге асырылуын ұйымдастырады;                                                                             

16) Ауылдық округ әкімінің аппаратында гендерлік тендікті нығайту бойынша тиісті іс-шараларды жүзеге асырады.                                                                                                        

17) Ведомстволық бағынышты кәсіпорындарға, мекемелерге қатысты мемлекеттік басқарудың уәкілетті органның функциясын жүзеге асырады;                                                 

18) Заңнамаға сәйкес басқа да өкілеттіліктерді жүзеге асырады;                                                     17. Құқықтары мен міндеттері:

1) Барлық деңгейдегі атқарушы үкімет органдарымен өзара іс-әрекетін ұйымдастырады. Әлеуметтік-экономикалық саясатты қалыптастыратын нормативтік-құқықтық актілер, тұжырымдамалар, болжамдар жобаларын сапалы даярлау мақсатында олардан уақытылы ақпарат алып, жобаларды әзірлеу мен сараптауға қатысады;                     

 2) Ауылдық округ әкімінің аппараты әкімнің шешімдерін,өкімдерін уақытылы рәсімдеп, оларды сақтайды және таратады;                                                                                 

3) Қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күресіп, құқықтық тәртіпті, заңдылықты және ұлттык қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасын қорғауды және қарулы күштер қызметін ұйымдастыру мәселелерінде ауылдық округ әкімі құқық қорғау және басқа мемлекеттік органдар мен іс-қимылын қамтамасыз етеді;

4) Қазақстан Республикасының Президенті, Үкіметі, Парламенті сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар жүргізетін мемлекеттік саясатты және оны жүзеге асыруда жүргізілетін шараларды түсіндіреді және насихаттайды;                                                                             

5) Қазақстан Республикасы заңнамасында қарастырылған басқа құқықты жүзеге асырады;

 

 

  1. «Есбол ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

   

  1. «Есбол ауылдық округі әкімінің аппараты"мемлекеттік мекемесі басшылықты «Есбол ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
  2. «Есбол ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын жоғары тұрған орган басшысы қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
  3. «Есбол ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:

    1) Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы Заңының 35 - бабына сәйкес атқарылады.

«Есбол ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

  1. «Есбол ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын әкім басқарады.

   

 

  1. « Есбол ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мүлкі

 

  1. «Есбол ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

        «Есбол ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

  1. «Есбол ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік республикалық/коммуналдық меншікке жатады.
  2. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Есбол ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

  1. "Есбол ауылдық округі әкімінің аппараты"мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

 

  1. «Есбол ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

 

Есбол ауылдық округінің әкімі:                                                   Е.Сабиров

 

"Есбол ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ережесі
Дата публикации
01 декабря 2020