АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Индер ауданы бойынша шаруа немесе фермер қожалығын,ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөнінде конкурс 2026 жылдың 8 маусым сағат 10.00-де Атырау облысы,  Индер ауданы,  Индербор кенті,  Қонаев көшесі, 12  мекен-жайында өткізіледі. Конкурсқа шығарылған жер телімдерінің тізімі:

 

Лот №

Жер учаскенің орналасқан орыны

Нысаналы мақсаты

Көлемі, га

Жалға беру мерзімі, жыл

Аудандық орталыққа дейінгі қашықтық

Алқап құрамы, сумен қамтамасыз етілу жөнінде мәлімет

Елтай а/о

1

Елтай ауылдық округіне қарасты босалқы жер қоры, Елші учаскесі

Шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін

380

Уақытша өтеулі 10 жыл

Индербор кентінен -12  км

Суландырылған жайылым, Бағырлай каналы

Көктоғай  а/о

2

Көктоғай ауылдық округі аумағындағы босалқы жер қоры, Қуат учаскесі

Шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін

400

Уақытша өтеулі 10 жыл

Индербор кентінен – 82 км

Жайылым,  Ақсай каналы

3

Көктоғай ауылдық округі аумағындағы босалқы жер қоры, Арыстанғали учаскесі

Шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін

500

Уақытша өтеулі 10 жыл

Индербор кентінен – 150 км

Жайылым,  құдық

4

Көктоғай ауылдық округі аумағындағы босалқы жер қоры, Асанбай учаскесі

Шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін

200

Уақытша өтеулі 10 жыл

Индербор кентінен – 98 км

Жайылым,   құдық

5

Көктоғай ауылдық округі аумағындағы босалқы жер қоры, Бәкібас учаскесі

Шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін

276

Уақытша өтеулі 10 жыл

Индербор кентінен – 80  км

Жайылым,   Ақсай каналы

 

Жеке және заңды тұлға болып табылатын қатысушы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынады:

1) конкурсқа қатысуға арналған өтінім;

2) конкурстық ұсыныс;

Конкурстық ұсыныста:

               1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, ашылатын жұмыс орындарының саны);

                2) шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту іс-шараларын орындау жөніндегі міндеттемелер;

               3) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 17 қаңтардағы № 7 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19893 болып тіркелген) бекітілген Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану қағидаларын және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 173 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15090 болып тіркелген) бекітілген Жайылымдарды ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылады.

                Конкурстық ұсынысты, "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы беру жағдайларын қоспағанда, конкурсқа қатысушы беттері нөмірленіп, тігілген түрде мөрленген немесе өшірілмейтін сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, конкурстық ұсыныстың соңғы беті жеке тұлғалар (немесе сенімді өкіл) үшін - қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшін - бірінші басшының (немесе сенімді өкіл) қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады.

                Өтінімде және конкурстық ұсыныста қатысушыға грамматикалық және арифметикалық қателерді түзету қажет болған жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай кірістірмелер, өшірулер немесе қосып жазулар болмауы тиіс.

                Конкурстық ұсыныстың жабық конвертінде "шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс" және " жылғы __________"_____ " дейін ашуға болмайды" (ашудың нақты күні көрсетіледі) деген сөздер жазылады.

                Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қабылдау және тіркеу конкурс өткізу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап күнтізбелік отызкүн өткен соң 2026 жылдың «18» мамырдан бастап 2026 жылдың «5» маусымы сағат 10.00-ге дейінгі аралығында өтінім қабылдау және тіркеу жүргізіледі.

 

Анықтама телефоны: 8 /71-234/2-17-96, 2-17-86, «Индер аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ.

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
Дата публикации
16 апреля 2026