«Индер аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ
-Индер аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі.
Егер «Индер аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
1) отандық мәдениет пен өнерді насихаттау, ұлттық өнерді және дарынды тұлғалардың қызметтерін дамыту;
2) тілдерді қолдану мен дамыту бағытындағы және ауданның ономастика саласындағы жұмыстарын жетілдіру;
3) тарихи-мәдени мұраларды қорғау, сақтау мен пайдалану бағытында жергілікті атқарушы органдар, мекеме, кәсіпорындардың жұмысына бақылау жасайды және ескерткіштерді орнату жұмыстарына ұсыныс береді, жұмыстарын жүргізеді;
4) мәдени ағарту мекемелерінің мәдениет үйлері мен клубтардың, кітапханалардың жұмысына басшылық етеді, мәдениет мекемелері мен ұйымдардың мәдени ағарту жұмыстары желісін кеңейту, дамыту;
5) мәдениет мекемелерінің жұмысын дамыту, мемлекеттік жоспардың орындалуын, халыққа ақылы қызмет ету жоспарын ай, тоқсан сайын орындалуын қадағалау;
6) «Мәдениет туралы» Заңды басшылыққа алып, мәдени мекемелердің материалдық-техникалық базаларын жақсарту жұмыстарын ұйымдастыру;
7) қазақтың ұлттық мәдениетінің қайта жаңғыруын, сақталуын, дамуын және таралуына қамқорлық жасау;
8) Қазақстан Республикасының зандарында көзделген жағдайларда коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстараның (көрсететін қызметтерінің) міндетті көлеміне бақылау жасау;
9) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын және оларды орындау жөніндегі есептерін қарайды, осы Заңда көзделген жағдайларда келіседі және бекітеді;
10) коммуналдық мемлекеттік мекемелердің жарғысын (ережесін), оған енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға келісім береді;
11) коммуналдық мекеме басшыларын тағайындайды және тағайындау үшін келісім береді;
12) Қазақстан Республикасы Заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтарының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларының және облыс әкімдігінің тіл туралы заңнамаларын меншік түріне қарамастан кәсіпорын, мекемелерде орындалуын зерделеу және бақылауды жүзеге асыру;
13) тұлғаның шығармашылық, рухани және физикалық мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік және салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке тұлғалықтарын дамыту үшін жағдайлар жасау арқылы ой-өрістерін байыту;
14) азаматтылыққа, патриоттыққа және өз Отаны-Қазақстан Республикасын сүюге, мемлекеттік рәміздерді сыйлауға, халқымыздың салт-дәстүрлерін құрметтеуге тәрбиелеу;
15) басқа мемлекеттік органдармен, мекемелермен мәдениет дамыту мен насихаттауға бағытталған мәдени, қоғамдық маңызды шараларды дайындау және жүргізу ісінде әрекет ету;
16) жергілікті атқарушы органдардан, кәсіпорындар мен ұйымдардан бөлімнің құзіретіне жататын мәселелер бойынша ақпарат сұратуға;
17) аудандық әкімдікке бөлімнің құзіретіне жататын мәселелер бойынша ұсыныстар енгізуге құқылы;
18) халықтың сұранысындағы көркем әдебиетпен қамтамасыз ету үшін ұсыныстар беру.
1) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінің, Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің тапсырмаларын, облыс, аудан әкімдері нормативтік актілерінің орындалысын қамтамасыз ету;
2) бөлімнің құзырына кіретін мәселелер бойынша аудан әкімі аппаратының тиісті бөлімдерімен ақпараттық байланысты қамтамасыз ету;
3) аймақтағы тіл саясатын жүзеге асыруды тоқсан сайын қорытындылайды;
4) тіл саясатына қатысты ғылыми-тәжірибелік конференциялар, семинарлар, жиналыстар, дөңгелек үстелдер т.б. өткізеді;
5) мәдениет қызметкерінің білімділігін, біліктілігі мен шығармашылығын дамытып аттестациядан өткізіп отырады;
6) аудандық шараларын өткізу және олар үшін қаржы бөлуді ұйымдастыру;
7) тұрғындар арасында түрлі мәдени-көпшілік жұмыстар жүргізу арқылы, олардың бос уақыттарын тиімді пайдалануына жағдай жасау;
8) аудандағы кітапханалар жүйесінің жұмысын ұйымдастыру;
9) халық арасында ұлттық өнер мен салт-дәстүрді насихаттау, ақыл-ойы дамыған ұрпақты тәрбиелеуге қажетті әдістер мен тәсілдерді пайдалана отырып, мәдениет үйінің әлеуметтік-экономикалық статусын көтеру;
10) тұрғындардың әртүрлі топтарының тілек-мүдделері мен рухани қажеттіліктерінің сұраныстарына байланысты жаңа мәдени қызметтерді ұйымдастыру жұмыстарының әдістері мен нормаларын енгізу. Жас ұрпақты мәдени шараларға белсенді қатыстыру;
11) драмалық, музыкалық, хореографиялық, бейнелеу, әсемдік-қолданбалы және эстрадалық өнердің жоғары көркемдік туындыларын қамтамасыз ететін сайыстар мен байқаулар, өзге де мәдени шараларды ұйымдастырып өткізуге басшылық жасау;
12) аудан көлеміндегі тарихи, мәдени ескерткіштерді насихаттау және оларды пайдалану, жөндеу, есебін жүргізу жұмыстарын қадағалауды жүзеге асырады;
13) аудандағы мәдениет үйлері мен кітапханалардың жұмысына басшылық жасайды.
14) маңдайшаны ауылда, кентте орналастыру туралы хабарламаларды «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қабылдауды және қарауды жүзеге асыру»;
15) Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексте көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау және әкімшілік жазаларды қолдану.
1) мәдениет және тілдерді дамыту жүйелері мәселесі бойынша жоба әзірлеп, оны белгіленген тәртіппен жоғарғы органдарға ұсынуға;
2) бөлімнің саласына жататын мәселелер бойынша тиісті мемлекеттік органдарға тапсырмалар беру, олардың орындалуын бақылау, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың ұйымдастырған шараларға қатысу;
3) Қазақстан Республикасы Конституциясын және заңнамасын сақтауға;
4) бөлім құзырындағы мәселелер мен айналысатын мәдени мекемелерінің басшыларына әдістемелік, ақпараттық және басқада көмек көрсетуге;
5) мәдениет және тіл саласындағы мемлекеттік саясатын іске асыруға;
6) мемлекеттік органдардың, мекемелер, кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмысын жетілдіру туралы көрсетілген бағытта ұсыныс енгізуге;
7) өзіне берілген мүлікті басқаруды жүзеге асыруға;
8) Қазақстан Республикасы «Тіл туралы» Заңының орындалуын бақылау жұмыстарын мемлекеттік және барлық меншік нысанындағы мекемелер мен кәсіпорындарды тексеру арқылы заңның орындалуын қадағалауғ
9) тиісті мемлекеттік органға қарасты тиісті саланың коммуналдық заңды тұлғаларға бекітілген мүлкін есептеп шығаруға келісуді жүзеге асыруға құқылы;
10) осы Ереже, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде айқындалған өзге де өкілдерді жүзеге асырады.
«Индер аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.