«Индер аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы»
бөлімі мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Егер «Индер аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы» бөлімі мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер жергілікті бюджеттің кірісіне жіберіледі.
бөлімі мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары,
құқықтары мен міндеттері
Жерді қорғау мен тымды пайдалануды ұымдастыру, жерді ұтымды және тиімді пайдалану, жер ресурстарының жағдайын зерделеу деңгейін көтеру.
1) мемлекеттік қажеттер үшін жер учаскелерін алып қою жөнінде ұсыныстар дайындау;
2) жерді аймақтарға бөлу жобаларын және аудандардың жерін ұтымды пайдалану жөніндегі бағдарламаларды, жобалар мен схемаларды әзірлеуді ұйымдастыру;
3) жер сауда-саттығын (конкурстар, аукциондар) жүргізуді ұйымдастыру;
4) жерді пайдалану мен қорғау мәселелеріне қатысты аудандық бағдарламалардың, жобалар мен схемалардың жер балансын жасау;
5) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің паспорттарын беру;
6) ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екеншісіне ауыстыру жөнінде ұсыныстар дайындау;
7) жер ресурстарын реттеу саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу;
8) жер мониторингін және мемлекеттік жер кадастрын жүргізуді ұйымдастыру;
9) ауданның жер ресурстарын жай-күйі туралы біртұтас деректер банкін құру және жүргізу;
10) Қазақстан Республикасы заңнамаларын бұза отырып пайдаланатын және пайдаланылмайтын жерлерді анықтау;
11) Қазақстан Республикасы жер заңнамасын бұзушылықтарды жою үшін шаралар қабылдау;
12) пайдалы қазбалар кен орындарын игеру құрылысын салу, объектілерді пайдалану, геологиялық барлау және басқа да жұмыстар, егер олар Қазақстан Республикасы жер заңнамасы белгіленген тәртіпті бұза отырып жүзеге асырады, сондай-ақ жұмыстар сараптамадан өткізілмеген немесе дұрыс қорытынды жобалар бойынша жүргізілгені анықталған жағдайда тоқтатылады.
13)жобалау тапсырмасын дайындау;
14) елді мекендерде құрылыс, кадастрын енгізуге байланысты жұмыстарды атқару, мекеме, ұжым, жеке азаматтардың және құрылыс саласындағы мәселелерін қарау, тиісті іс – қағаздарын жүргізу, жеке азаматтардан келіп түскен арыздарды тіркеу және уақытында жауап беру.
15) Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік нысандарының мекен-жайы анықтау жөнінде анықтама беру, сонымен қатар жеке және заңды тұлғаларға сәулет – жоспарлау тапсырмасын беру мемлекеттік қызметін көрсету.
1) иесіз жер учаскелерін есепке алу;
2) ауданның жергілікті атқарушы органның жер учаскелерін беру және олардың нысаналы мақсатын өзгерту жөніндегі ұсынастары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;
3) жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау;
4) мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту;
5) жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру және жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту;
6) елді мекендер аумағының жер-шаруашылық орналастыру жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру,
7) аудандардың жер балансын жасау;
8) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың, сондай-ақ жер құқығы қатынастарының басқа да субъектілерінің есебін жүргізу;
9) жер учаскесін сатып алу-сату шарттары мен жалдау және жерді уақытша өтеусіз пайдалану шарттарын жасау;
10) ауданның жергілікті атқарушы органның іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беруі жөнінде ұсыныстар дайындау;
11) мемлекеттің жер қатынастары саласындағы мүдделерді қорғау;
12) мемлекет жеке меншікке сататын немесе жерді пайдалануға беретін нақты жер учаскелерінің бағалық құнын айқындау;
13) жерге орналастыру құжаттарын бекіту;
14) қолданыстағы жер заңнамасы шеңберінде азаматтардан және заңды тұлғалардан келіп түскен хаттар мен өтініштерді қарау.
1) мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардан, лауазымды тұлғалардан және азаматтардан жерді пайдалану мен қорғау мәселелері жөнінде қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;
2) жергілікті атқарушы және өкілетті органдардың жер заңнамасына қайшы келетін шешімдерін тоқтату туралы ұсыныс енгізуге.
бөлімі мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру
19 «Индер аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы» бөлімі мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Индер ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
1) бөлімнің қызметіне басшылық жасайды және оған жүктелген міндеттердің орындалуын қамтамасыз етеді;
2) өз қызметкерлерінің құрылымдық бөлімшелер басшыларының міндеттері мен өкілеттерін айқындайды;
3) Қазақстан Республикасының заңнамаға сәйкес Бөлім қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
4) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады;
5) бөлімнің атынан сенім хатсыз іс-әрекет етеді, мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда оның мүдделерін білдіреді;
6) заңнамамен белгіленген тәртіппен Бөлім қызметкерлерін көтермелейді, сондай-ақ оларға тәртіптік шаралар қолданылады;
7) бөлімге тиесілі мүлікті, қаржы қаражатын пайдалану, иелену және басқару құқығын иеленеді және қаржы тәртібінің сақталу үшін дербес жауап береді;
8) қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз құзыреті шегінде өзге де өкілеттерді жүзеге асырады;
9 ) бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекетке бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануына дербес жауапты болады.
«Индер аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы» бөлімі мемлекеттік мекемесінің меңгерушісі болмаған жағдайда оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
бөлімі мемлекеттік мекемесінің мүлкі
«Индер аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы» бөлімі мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
бөлімі мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату