«Индер аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі » мемлекеттік мекемесінің ережесі
Қазақстан Республикасы, 060200, Атырау облысы, Индер ауданы, Индербор кенті, Меңдіғалиев көшесі, 30- үй.
3
Егер Бөлімге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
14.Бөлімнің миссиясы:
Ауданда кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм салаларындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.
15.Міндеттері:
1) жеке кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдайлар жасау;
2) өнеркәсіп салалары қызметін үйлестіру және дамуының мониторингін жүргізу;
3) туристік саладағы қызметті үйлестіру.
16.Функциялары:
1) өнеркәсіпті, кәсіпкерлікті және туризмді дамыту мақсатында аумақтық бағдарламалардың дайындалуын және жүзеге асырлуын қамтамасыз ету;
2) жеке кәсiпкерлiктi дамыту үшiн жағдайлар жасау;
3) өңiрде шағын және орта кәсiпкерлiктi және инновациялық қызметтi қолдау инфрақұрылымының объектiлерiн құру мен дамытуды қамтамасыз ету;
4) жергiлiктi атқарушы органдардың жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiмен, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсiпкерлер палатасымен және нарықтық инфрақұрылым объектiлерiмен өзара қарым-қатынастарын дамыту стратегиясын айқындау;
5) сарапшылық кеңестердiң қызметiн ұйымдастыру;
6) жергiлiктi деңгейде жеке кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдауды қамтамасыз ету;
7) ауданда бағдарламаларын жүзеге асыру мақсатында, шет ел әріптестерімен қарым-қатынастарды дамыту, экономиканың нақты секторына және әлеуметтік салаға инвестиция тарту жұмыстарын ұйымдастыру;
8) Қазақстан Республикасының шет ел елшіліктері арқылы шет ел инвесторларын қаланың өндірістік әлеуетімен таныстыру мақсатында, халықаралық форумдар мен көрмелерге жергілікті тауар өндірушілерінің қатысуын қамтамасыз ету;
9) аудан аумағында туристік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру және үйлестіруді жүзеге асыру;
4
10) аудандық туристік ресурстарды қорғау жөніндегі шараларды әзірлеу және енгізу;
11) жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүдделерiнде Қазақстан Республикасының заңнамасында жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру.
1) жиналыстарды өткізу тәртібін ұйымдастырады, аудан әкімдігінің отырыстарына қатысады;
2) Бөлім қызметінің бұқаралық ақпарат құралдарына жария етілуін қамтамасыз етеді;
3) Бөлім Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, осы Ережеге сәйкес өкілеттіктерді жүзеге асырады.
3.Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
1) өз қызметін жүзеге асыру кезінде аудан әкімі мен жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына есеп береді;
2) орынбасарының және қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіліктерін анықтайды;
3) қызметкерлерді қызметке тағайындайды және босатады;
4) заңнамада белгіленген тәртіппен қызметкерлерді ынталандыруды жүзеге асырады;
5) заңнамада белгіленген тәртіппен қызметкерлерге тәртіптік жаза қолданады;
6) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік және қаржы құжаттарына қол қояды;
7) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда сенімхатсыз Бөлімнің мүддесін білдіреді;
8) сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шараларды қолданады және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қолданбағаны үшін дербес жауапкершілікте болады;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттілікті жүзеге асырады.
5
Бөлім басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
21.Жұмыс режимі: Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мереке күндерін есептемегенде екі күндік демалысы бар, бес күндік жұмыс аптасы. Жұмыс уақытының ұзақтығы Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне сәйкес белгіленеді.
Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.