Индер ауданы — Атырау облысының солтүстігінде орналасқан. 1928 жылы «Есбол ауданы» болып құрылған. Аудан орталығы – Индербор кенті.
Аудан аймағы 868 304 га.
Индер ауданы Атырау облысының шығыс бетінде орналасқан. Солтүстік шығыс бағытында Батыс Қазақстан облысымен (Ақ Жайық ауданы) (60) шекаралас орналасқан. Батыс бөлігінде Атырау облысының Қызылқоға ауданымен (55 км), Махамбет (80 км) аудандарымен, ал оңтүстік жағынан Мақат (135 км) аудандарымен шектеседі.
Аудан көлемінде 1 кент, 6 ауылдық округ, 13 елді-мекен орналаскан.
32 625
16 602
16 023
12 676
84
174
Аудан орталығы – Индербор кентінде –16 378 адам;
Көктоғай ауылдық округі бойынша - 2745 адам;
Өрлік ауылдық округі бойынша - 3142 адам;
Есбол ауылдық округі бойынша - 5032 адам;
Елтай ауылдық округі бойынша – 3525 адам;
Жарсуат ауылдық округі бойынша – 3017 адам;
Бөдене ауылдық округі бойынша – 1561 адам;
Аудан бойынша халықтың тығыздығы орташа есеппен 1 шаршы шақырым аумаққа 2,7 адамнан келеді.