Индер ауданы әкімдігінің нормативтік құқықтық акт жобасына қатысты БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

ПРЕСС-РЕЛИЗ

Индер ауданы әкімдігінің нормативтік құқықтық акті жобасына байланысты

Хабарлаймыз, «Электрондық үкімет» порталының «Ашық үкімет» бөлімінде, «Ашық нормативтік құқықтық актілер» суббөлімінде (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15765565) Индер ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 12 қаңтардағы №7 «Көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын және шатырларын қайта құру, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу ережелерін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы жобасы жарияланған.

Аталған өзгерістер аудан аумағындағы көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы көрінісін жақсартуға, архитектуралық үйлесімділікті қамтамасыз етуге, сондай-ақ құрылыс және жөндеу жұмыстарын сапалы орындауға бағытталған.

Порталда жобаны қоғамдық талқылау 2026 жылғы 17 ақпаннан бастап жүргізілуде.

Барлық мүдделі азаматтар Индер ауданы әкімдігінің нормативтік құқықтық акті жобасын талқылауға қатысып, өз ұсыныстары мен ескертпелерін жібере алады.

Индер ауданы әкімдігінің нормативтік құқықтық акт жобасына қатысты БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
Дата публикации
26 февраля 2026