Азаматтардың назарына «Электрондық үкімет порталында» «Ашық үкімет» бөлімінде, «Ашық НҚА» кіші бөлімінде https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15765565 көпшілік талқылау үшін «Индер ауданына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Индер ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 12 қаңтардағы №7 қаулысына өзгерістер енгізу туралы қаулы жобасы орналастырылғаны туралы хабарлаймыз.
Аталған өзгерістер аудан аумағындағы көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы келбетін жақсарту, сәулеттік үйлесімділікті сақтау, құрылыс және жөндеу жұмыстарының сапасын арттыру мақсатында енгізілуде.
Көпшілік талқылау порталда 2026 жылғы 17 ақпанынан бастап өтеді.
Барлық мүдделі азаматтар Индер ауданы әкімдігінің нормативтік құқықтық актісінің жобасын талқылауға, ұсыныстары мен ескертулерін жолдауға қатыса алады.