«Дипломмен ауылға» жобасының іске асырылуы

«Дипломмен ауылға» жобасының іске асырылуы

 

Индер ауданы бойынша 2009 жылдан бастап күні бүгінге дейін ауданның елді мекендеріне келген тапшы мамандарға әлеуметтік қолдау көрсету жөніндегі шараларды іске асыру мақсатында  барлығы 309 маман әр қайсысына 2019 жылға дейін 70 еселік айлық есептік көрсеткішке тең, 2019 жылдан бастап  100 еселік есептік көрсеткішке тең, жалпы сомасы 67 млн. 937 мың теңге көлемінде бір жолғы көтерме жәрдемақы төленді.

№

Сала атауы

Мамандар саны

1

Денсаулық сақтау

104

2

Білім беру

182

3

Мәдениет

4

4

Спорт

9

5

Агроөнеркәсіптік кешен

9

6

Мемлекеттік қызметшілер

1

 

 Ал тұрғын үй сатып алу үшін барлығы 171 маман жалпы сомасы  590 млн. 216 мың теңге көлемінде он бес жыл мерзімге бюджеттік несие рәсімделіп, пәтермен қамтамасыз етілді.

№

Сала атауы

Мамандар саны

1

Денсаулық сақтау

43

2

Білім беру

110

3

Мәдениет

5

4

Спорт

6

5

Агроөнеркәсіптік кешен

6

6

Мемлекеттік қызметшілер

1

 

Өткен жылы көтерме жәрдемақы 30 маманға 11 млн. 796 мың теңге игерілді.

2025 жылы ауданға жұмыс істеуге және тұруға келген 5 маман несие алып, пәтерге ие болды. Олардың төртеуі ауданның әкімшілік орталығы болып табылатын ауылдық елді мекендерге келген мамандар үшін айлық есептік көрсеткіштің екі мың бес жүз еселенген мөлшерінен аспайтын сомада;                                                       - біреуі ауылдық елді мекендерге келген мамандар үшін айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселенген мөлшерінен аспайтын сомада несие алды.                                                           

2026 жылға көтерме жәрдемақы 10 маманға 4 млн. 325 мың теңге, тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік несие 6 маманға 60 млн. 550 мың теңге жоспарлануда.

2023 жылдың 1 сәуірінен бастап «Отбасы банк» АҚ ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдардың азаматтарға кредит беруі бойынша «Дипломмен - ауылға!" бағдарламасының операторы болып табылады. Сондай-ақ бағдарлама толығымен цифрлық форматқа ауыстырылды. Осыған байланысты барлық өтінім otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталында онлайн режимде қабылданады.

Бағдарламаға ауылдық жерлерде өмір сүру үшін және бірқатар мамандықтар бойынша жұмыс істеу үшін келген қазақстандықтар қатыса алады. Бұл денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы қажетті мамандықтар тізбесіне сәйкес мамандар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №72 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес алдағы кезеңге Тізбе қалыптастырылып, ол аудан әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылды.

"Дипломмен ауылға" жобасына қатысуға өтінім беру үшін алдымен otbasybank.kz порталында тіркелу қажет. Одан кейін электронды-цифрлық қолтаңбамен өтінімге қол қою қажет.

«Дипломмен ауылға» жобасының іске асырылуы
Дата публикации
24 февраля 2026