Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру және алып қою, төс белгілерді беру және олардың сипаттамасын бекіту ережелері туралы (Қазақстан Республикасының спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасының 2014 жылғы 29 шілдедегі № 300 бұйрығы).
2025 жылы есепті кезеңде бөлім 25 мемлекеттік қызмет көрсетті.
Дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік қызметтерді алу тәртібін түсіндіруді қажет ететін сұрақтар туындаған жағдайда, «Индер ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жауапты бас маманы Айымбек Жанатұлына жүгінуге болады.
Азаматтардың және заңды тұлғалардың өтініштері қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес қарастырылады. Бөлім мамандары тарапынан консультациялық және түсіндірмелік көмек көрсетіледі.
Қосымша ақпарат алу үшін бөлімге мына мекен-жай бойынша хабарласуға болады: Индербор кенті, Н. Меңдіғалиев көшесі, 30, 4-қабат, немесе жұмыс телефоны: 7-90-10.