Спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру және олардан айыру, омырауға тағатын белгілерді беру қағидаларын, сондай-ақ олардың сипаттамасын бекіту туралы

2025 жылы Индер аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі тұрғындарға бірқатар мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетіп, өзінің функциялық бағыттары бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, Спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру және олардан айыру, омырауға тағатын белгілерді беру қағидаларын, сондай-ақ олардың сипаттамасын бекіту туралы (Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 29 шілдедегі № 300 бұйрығы)  сәйкес есепті кезең ішінде бөлім тарапынан барлығы 25 мемлекеттік қызмет көрсетіліп, жұмыстар атқарылды.

Дене шынықтыру және спорт салалары бойынша мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі, көрсетілетін қызмет түрлері және өзге де түсіндіруді қажет ететін мәселелер бойынша сұрақтар туындаған жағдайда «Индер аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызмет көрсету саласы бойынша жауапты бас маман – Айымбек Жанатұлына жүгінуге болады.

Азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштері қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес қаралады. Бөлім мамандары тарапынан консультациялық және түсіндіру көмегі көрсетіледі.

Қосымша ақпарат алу үшін бөлімге тікелей келу арқылы (Индербор кенті, Н.Меңдіғалиев Көшесі 30 үй, 4 қабат) немесе жұмыс телефон байланысы арқылы (тел.: 7-90-10) хабарласуға болады.

Дата публикации
23 февраля 2026