Электрондық өтініштер жүйесі арқылы қойылған сұрақтар бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмыс
Қазақстанда азаматтар мен мемлекеттік органдар арасындағы тиімді кері байланысты қамтамасыз ету үшін енгізілген электрондық өтініштер ақпараттық жүйесі халық пен билік арасындағы өзара іс-қимылды ашық және тиімді етуге бағытталған маңызды цифрлық құрал болып табылады. Бұл жүйе арқылы жеке және заңды тұлғалар өтініштер, шағымдар, ұсыныстар мен сұраулар жолдай алады.
Осыған байланысты халық арасында жүйелі ақпараттық-түсіндірме жұмысы өткізу – өзекті қажеттілік болып табылады. Электрондық өтініштер платформасы мемлекеттік органдарға өтініштерді электронды форматта жіберуге, өтініштің мәртебесін бақылауға, жауап алу мерзімін қадағалауға, өтінішті қайта жіберуге немесе толықтыруға мүмкіндік береді. Бұл жүйе «халықтың дауысын тыңдайтын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыруға бағытталған.
Ақпараттық-түсіндірме жұмыстың негізгі мақсаты – азаматтарға «E-Өтініш» жүйесінің жұмысын түсіндіру, өтініштерді жіберу тәртібін үйрету, заңнамаға сәйкес жауап алу мерзімдері туралы ақпарат беру және цифрлық сауаттылықты арттыру болып табылады.
Райондық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне мүгедектерге арналған реабилитациялық жабдықтар мен санаторлық жолдамаларды алу, протездік-ортопедиялық құрылғылар мен техникалық құралдарға төлемдерді өтеу, «Әлеуметтік портал» арқылы алынған қызметтер, еңбек мигранттарына арналған рұқсаттарды беру, ұзарту және жою, әлеуметтік көмек көрсету, біржолғы әлеуметтік көмек және тұрғын үй көмегі секілді мәселелер бойынша заңды түсіндіру сұраулары келіп түскен жағдайда, толық заң аясында түсіндірме беріледі, ал шешімдер Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік кодексіне сәйкес қаралып жүзеге асырылады.
Қызметтердің толық қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін бөлімде компьютер мен интернетке қолжетімді өзін-өзі қызмет көрсету бұрышы ұйымдастырылған.
Қосымша ақпарат алу үшін райондық бөлімге мына телефон арқылы хабарласуға болады: 20476.