Е-өтініш ақпараттық жүйесі арқылы қойылатын сұрақтар бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары

Е-өтініш ақпараттық жүйесі арқылы қойылатын сұрақтар бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары

Қазақстанда азаматтардың мемлекеттік органдармен тиімді кері байланысын қамтамасыз ету мақсатында енгізілген Е-өтініш ақпараттық жүйесі – халық пен билік арасындағы ашықтық пен жеделдікті арттыруға бағытталған маңызды цифрлық құрал. Жүйе арқылы жеке және заңды тұлғалар өтініш, шағым, ұсыныс, сұрау салу жолдай алады. Осыған байланысты тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүйелі жүргізу – уақыт талабы. Е-өтініш платформасы арқылы мемлекеттік органдарға онлайн форматта өтініш беру, өтініштің қаралу мәртебесін қадағалау, жауап алу мерзімдерін бақылау, өтініштерді қайта жолдау немесе толықтыру мүмкіндігі қарастырылған. Бұл жүйе «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыруға бағытталған. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының басты мақсаты – азаматтарға «Е-өтініш» жүйесінің қызметін түсіндіру, өтініш беру тәртібін үйрету, заңнамаға сәйкес жауап беру мерзімдері туралы ақпарат беру, цифрлық сауаттылықты арттыру.

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне мүгедектігі бар азаматтардың оңалту құралдары мен санаторий жолдамаларын алу бағытында заң талаптарына түсінік сұрау, «Әлеуметтік портал» арқылы алған протездік-ортопедиялық құралдары мен техникалық көмекші құралдардың төлемдерін өтеу, «Еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу» мемлекеттік қызметі бойынша, атаулы әлеуметтік көмек, біржолғы әлеуметтік көмек және тұрғын үй көмегі және т.с.с көптеген мәселелер бойынша өтініштер түскенде, заң шеңберінде толықтай түсінік беріліп, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сай шешу жолдары қарастырылып, орындалып отырады.

         Бұл бағытта, бөлімде өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышына арнайы орын қарастырылып жұмыс істеуде.

         Қосымша мәлімет үшін аудандық бөлімге 20476 байланыс нөміріне хабарласуға болады.

Дата публикации
23 февраля 2026