Қоғамдық-саяси ахуалға қысқаша талдау
Ауданда қоғамдық-саяси ахуал тұрақтылығымен сипатталады.
2020 жылдың басынан Индер ауданы әкімінің атына жергілікті азаматтық белсенділерден митинг өткізу жөнінде өтініш-арыз түскен жоқ.
Идеологиялық жұмыстар.
Жергілікті атқарушы органдар жүзеге асыратын идеологиялық жұмыстардың негізі мемлекеттік саясаттың, орталық және жергілікті билік органдарының шешімдерін түсіндіру болып табылады. Атап айтқанда, Мемлекет басшысының Жолдауының негізгі бағыттарын іске асыру және нақтылау, «Рухани Жаңғыру» бағдарламасын іске асыру, конституциялық реформалар нормаларын түсіндіру және басқа да маңызды әлеуметтік-саяси мәселелер бойынша жұмыстар жүргізілуде.
2020 жылдың қаңтар-тамыз айларында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 20-дан астам іс-шара жүзеге асты
Шараларға 2000 мыңға жуық адам, 3 үкіметтік емес ұйым, 15 мекеме, (кітапханалар, колледж, мектептер мен балабақшалар) қатысты.
Аудан бойынша «Дендер» саяси-қоғамдық газетінде «Рухан жаңғыру» бағдарламасы бағытында 16 мақала жарияланды. Атап айтқанда:
Өңірлерде театрларға, музейлерге және кітапханаларға баруды арттыру жөніндегі іс-шаралар кешенін жүзеге асыру мақсатында аудандық төтенше жағдай бөлімінің қызметкерлері музейге экскурсия жасап, музейдегі құнды жәдігерлермен танысты.
«Интернетсіз бір күн» акциясы аясында қаңтардың соңғы жексенбісінде әлемдік қоғамдастықтың прогресшіл бөлігі жыл сайын атап өтетін Халықаралық Интернетсіз күнге арналған Республикалық акция өтті. Осы акцияға орай, С. Сейфуллин атындағы орта мектептің 2 - сынып оқушыларына аудандық музейде экскурсия жүргізді.
12 ақпан күні Жаратылыстану ғылымдары Академиясының академигі, Құрманғазы ауданының "Құрметті Азаматы", өлкетанушы Мақсот Құмарұлы Жолжановтың музей қорында жинақталған ғылыми- зерттеу еңбектері еңгізілген" Дала академигі" кітабының таныстырылым шарасы өткізілді. Атаулы шараға Аудандық ардагерлер алқасының төрағасы Ө.Нұриев, ауданның ардагерлері Е.Көшек, Б. Қарекешова, С. Ғалым, Қ. Ахметова, аудандық кітапхананың және мектептердің кітапханашылары қатынасты.
6- наурыз күні ер балалардың бойындағы жақсы қасиеттерді, өнерді, білімді, ата салтын насихаттай отырып, нағыз қазақ жігітінің бойындағы қасиеттері мен өнерін көрсету, тапқырлық, сахна мәдениетін қалыптастыру, дамыту, өзара мәдениетті сөйлеуге баулу, әдептілік пен сұлулыққа үйрету мақсатында музей қызметкерлері мен М. Әуезов атындағы орта мектептің даярлық тобы мен жетекшісі Самал Сагидуллинамен бірлескен 8- наурыз Халықаралық Әйелдер мерекесіне арналған "Жігіт сұлтаны" сайысы өтті.
Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі бойынша Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай, 23 қаңтар күні аудандық кітапханада биылғы "Бір ел- бір кітап" акциясы аясында жалпыхалықтық оқуға таңдалынып алынған жазушы Әнуар Әлімжановтың "Ұстаздың оралуы" романы мен Ұлы жазушы М.Әуезовтің "Абай жолы" роман - эпопеясына арналған "Ұлы даланың ұлы ойшылдары" атты тұрақты кітап көрмесінің таныстырылымы өтті.
Шара барысында «Ұстаздың оралуы» атты романда ұлы ұстаз Әбу Нәсір әл-Фарабидің өмірбаяны шынайы түрде суреттелсе, «Абай жолы» роман - эпопеясында қазақ халқының бүкіл салт-дәстүрі мен тыныс-тіршілігі көрініс тапқан. Сонымен қатар көрмеге "Ұлы ойшылдардың" шығармаларымен, баспасөз беттерінен жинақталған құжаттар қойылып, библиографиялық шолу жүргізілді.
Аққала ауылдық кітапханасында оқырмандарға латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы туралы терең мағлұмат беріп, қоғамдық пікір қалыптастыру мақсатында «Латын әліпбиі – заман талабы»» атты ақпараттық сағат өткізілді. Шара барысында кітапханашы И.Борашева латын әліпбиіне көшудің маңыздылығына кеңінен тоқталды. Ал шараға қатынасушы оқырмандар латын графикасы негізінде қазақ әліпбиінің жаңа белестері туралы және латын әліпбиіне көшудің тиімді де пайдалы, тиімсіз тұстары жөнінде өз пікірлерін ортаға салды.
Аудандық кітапхана мен аудандық «Ардагерлер алқасы» ұйымының бірлесуімен «Әл-Фараби - даналық діңгегі» атты шара зейнеткерлер арасында өткізілді. Шараны «Ардагерлер алқасының» төрағасы Ө.Нұриев ашып, мақсатын түсіндірді. Одан әрі кітапханашы Г.Нұрғалиева ұлы ойшылдың өмірбаяны мен ғылыми мұрасы жайында баяндама оқып, кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасады. Ардагерлер «Адамзаттың екінші ұстазы» атанған энциклопедист, «Шығыстың Аристотелі» Әл-Фарабидің даналығы жайында пікір алысты, өркениет дамуына өз үлесін қосқан ғұламаның еңбектерімен танысты.
Бөдене ауылдық кітапханасында «Бір ел – бір кітап» акциясына қазақ жазушылары Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» және Әнуар Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» атты романдары таңдалған болатын. Кітапханада ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына «Түркі әлемінің рухани қазынасы», шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр Әл-Фарабидың 1150 жылдығына «Шығыстың Аристотелі» атты көрмелер шығарылып оқырмандарға насихатталуда.
Аққала ауылдық кітапханасында Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуына орай оның қалдырған мол мұрасы арқылы оқырмандарға ақыл мен парасатты, сөз құдіреті мен көркем сөздің мәйегін сіңіру мақсатында «Даналықтың дара шыңы» атты Абай оқулары өткізілді.Аталмыш шараға Аққала орта мектебінің 5-6 сынып оқушылары қатысты. «Абай мұрасы – өшпес ғұмыр» атты кітап көрмесімен таныстырылды.
Есбол ауылдық кітапханасында "Бір ел-бір кітап"акциясына қазақ жазушылары Мұхтар Əуезовтың"Абай жолы" жəне Əнуар Əлімжановтың"Ұстаздың оралуы" атты романдары таңдалған болатын. Кітапханада жазушылар Мұхтар Əуезовке "Қазақ əдебиетінің тарланы",Əнуар Əлімжановке "Əнуар əлемі",ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына "Абайдың сырлы əлемі", шығыстың ғұлама ойшылы Əбу Насыр Әл-Фарабидың 1150жылдығына "Əл-Фараби жəне оның рухани мұрасы" атты кітап көрмелер шығарылып оқырмандарға насихатталуда.
Елтай ауылдық кітапханасында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым -Жомарт Тоқаев "Абайды жаңа Қазақстанның бренді ретінде әлем жұртшылығына кеңінен таныстыру қажет. Бұл - бүгінгі ұрпақтың қастерлі борышы" деген сөзін басшылыққа ала отырып, ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы мен шығыстың ұлы ғалымы Әбу Насыр Әл- Фарабидің 1150 жылдығына арнап кітапханада "Ұлы даланың ұлы даналары" атты кітап көрмесі шығарылды. Көрмеге Президенттің "Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан" атты мақаласы қойылып, оқырмандарға таныстырылды.
Ынтымақ ауылдық кітапханасында биылғы жылы қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл және "Әлемнің екінші ұстазы" атанған Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығы атап өтілуде, осы ғұламалардың шығармашылығын насихаттап, мол мұрасын оқуға шақыру мақсатында Абай Құнанбайұлына "Абайдың сырлы әлемі" және Әбу Насыр Әл- Фарабиге "Ғұлама ойшыл ұстаз" атты кітап көрмелері шығарылып, оқырмандарға таныстырылып ұсынылуда.
Өрлік ауылдық кітапханасында Болашақ бөбекжай балабақшасының машықтанушысы Ұ.Арманқызы мен психолог А.Халелова және кітапханашы Ж.Сағиеваның ұйымдастыруымен ақын, ағартушы, философ Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған "Абай - дана, Абай - дара қазақта" атты танымдық ашық сабағы өткізілді.
Аққала ауылдық кітапханасында Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуына орай оның қалдырған мол мұрасы арқылы оқырмандарға ақыл мен парасатты, сөз құдіреті мен көркем сөздің мәйегін сіңіру мақсатында «Даналықтың дара шыңы» атты Абай оқулары өткізілді. Аталмыш шараға Аққала орта мектебінің 5-6 сынып оқушылары қатысты. «Абай мұрасы – өшпес ғұмыр» атты кітап көрмесімен таныстырылды. Кітапхана бойынша төтенше жағдай кезінде өткізілген шаралар Индер Аудандық Кітапхана (https://www.facebook.com/profile.php?id=100013274619149) фейсбук парақшасында жарияланды.
Аудан кинотеатрында қаңтар, ақпан айларында тарихи және қазақ киноларымен қатар, балалар фильмі де көрсетілді. Өткізілген фильмдер кинотеатрдың inderbor_cinema инстаграм парақшасында үнемі салынып отырды.
Барлық білім беру ұйымдары мен еңбек ұжымдарында, аудандар мен ауылдарда «Кино апталығы» тарихи, ұлттық кинофильмдерді, анимациялық фильмдерді көрсетуді, сондай-ақ жоғарыда аталған фильмдерді Youtube, Kaz tube интернет платформаларында орналастыруды ұйымдастыру.
Кинотетарда отандық кино өндірісіндегі үздік туындылардың бірі «Томирис» тарихи көркем фильмі, «Шырақшы» фильмі көрсетілді
Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі іс-шаралар кешенін жүргізу.
Бөдене кітапханасында «Латын әліпбиі - болашақтың кепілі» атты ақпараттық сағат болып өтті. Кітапханашы К.Сарсенгалиев қабылданған бағдарлама шеңберінде халық тарапынан әртүрлі пікірлер айтылып, халық талқысына түскен бұл бағдарлама өз қолдауын табады деген ойымен бөлісті. «Латынға көшу-өркениетті қадам» атты тақырыпта кітап көрмесі жасақталды.
Құрылыс кітапханасында «Латын әліпбиі, мемлекеттік тілдің тірегі», Елтай кітапханасында «Жаңа әліпби – жас дәуір бастауы», Есбол кітапханасында «Латын әліпбиі-тіл тұтастығы»,Ынтымақ кітапханасында «Латын қарпі-келешектің кілті»атты кітап көрмелері шығарылды. Көрмеге мерізімді басылымдар, латын әліпбиі жайындағы газет-журналдарға шыққан материалдар шығарылып, оқырмандар назарына ұсынылды.
Аққала кітапханасында оқырмандарға латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы туралы терең мағлұмат беріп, қоғамдық пікір қалыптастыру мақсатында «Латын әліпбиі – заман талабы» атты ақпараттық сағат өткізілді. Іс-шара барысында кітапханашы И.Борашева латын әліпбиіне көшудің маңыздылығына кеңінен тоқталды. Ал шараға қатынасушы оқырмандар латын графикасы негізінде қазақ әліпбиінің жаңа белестері туралы және латын әліпбиіне көшудің тиімді де пайдалы, тиімсіз тұстары жөнінде өз пікірлерін ортаға салды. Қазақ тілі білімінің, әліпбиінің негізін салған бірегей ғалым А.Байтұрсынұлы айтқандай: «Жақсы әліпби тілге шақ болуы керек. Артық әріптері көп әліпби қолайсыз болады». Осы талапты ескере отырып, жалпы латын әліпбиіне көшу, ең алдымен, қазақ әліпбиі мен орфография ережелерін реформалауға бағытталғанын және сол арқылы тілдің фонетикасы мен графикасының сәйкестігін қалыптастыруға мүмкіндік беретінін атап өткен жөн. Сондықтан, латын әліпбиіне көшу – бұл уақыт талабынан туған тиімді шара және латын тіліне енуіміз мәдени, рухани жетілуіміздің нәтижесінде жаңа белеске, жаңа деңгейге шығуымыз және жаһандану дәуіріндегі рухани жаңғырудың берік іргетасы деп білеміз»,- деп кітапханашы іс-шараны қорытындылап, қатысушыларға алғысын білдірді.
Көктоғай кітапханасында «Латын әліпбиі рухани жаңғырудың темірқазығы» атты ауызша журнал өткізілді.
Фольклорлық музыкалық мұраны сақтау және жүйелендіру, сондай-ақ Ұлы даланың ежелгі сарындарының таңдамалы үлгілерін жинау.
2 мамыр күні «Индер-Мәдениет» МКҚК домбырашыларының онлайн концерті өткізіліп . «Индер-Мәдениет» фейсбук парақшасына (https://www.facebook.com/profile.php?id=100011555075894)
22 сәуір күні күйші Нсанов Серіктің онлайн күй шеруі «Индер-Мәдениет» фейсбук парақшасына (https://www.facebook.com/profile.php?id=100011555075894) парақшасына;19 мамыр күні Р. Ғабдиев атындағы халықтық ұлт-аспаптар оркестрінің қылқобызшысы Айгерім Қалжанованың күй шашуы «Индер-Мәдениет» фейсбук парақшасына https://www.facebook.com/profile.php?id=100011555075894;
21 мамыр күні Р. Ғабдиев атындағы халықтық ұлт-аспаптар оркестр мүшелерінің онлайн концерті өткізіліп «Индер-Мәдениет» фейсбук парақшасынаhttps://www.facebook.com/profile.php?id=100011555075894 жарияланды.
Ұрпақтан-ұрпаққа берілетін отбасылық құндылықтарды жастар арасында насихаттау бойынша іс-шаралар кешенін өткізу (отбасы күні, қарт адамдар күні және т.б.).
15 мамыр –Халықаралық отбасы күніне орай 2018 жылы "Мерейлі отбасы" байқауына қатынасушы Қамиев Шамыраттың отбасы туралы видеоролик жасақталды. (Өрлік Мәдениет фейсбук парақшасында жарияланды. https://www.facebook.com/profile.php?id=100028595326161)
Азаматтық қоғам институттарымен өзара байланыс
Үкіметтік емес ұйымдар:
2020 жылдың 1 қыркүйек жағдайымен ауданда 13 ҮЕҰ тіркелген.
Оның ішінде 7-қоғамдық бірлестік, 2-қоғамдық қор, 4-республикалық және облыстық қоғамдық бірлестіктің филиалдары. ҮЕҰ-дар әртүрлі бағыт бойынша: білім беру, жастар саясатын және балалар бастамаларын қолдау, халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдау, салауатты өмір салтын қалыптастыру, отбасының мәртебесін көтеру және адамгерлішік құндылықтарды, жалпыға ортақ еңбек қоғамы туралы, салт-дәстүр, ұлттын құндылықтарды насихаттау басқа да әлеуметтік маңызды бағыттар бойынша жұмыс жасайды.
Азаматтық қоғам орнатудың негізгі көзі саналатын үкіметтік емес ұйымдар арасындағы байланысты нығайту мақсатында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде білім беру, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт саласындағы мақсаттарға қол жеткізуге, жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдауға, отбасылық-демографиялық және гендерлік мәселелерді шешуге жәрдемдесуге, халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдауға, мәдениет пен өнерді дамытуға, қоғамдық келісімді және ұлттық бірлікті нығайту бағытында әлеуметтік жобалар жүзеге асырылуда.
Аудан бойынша 2019 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 12400,0 теңге бөлініп, ҮЕҰ-мен 10 жоба бойынша жұмыстар ұйымдастырылса, ағымдағы жылы пандемияға байланысты мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жұмыс ұйымдастырылған жоқ.
Аумақтарды басқару процестеріне азаматтық қоғам өкілдері үнемі қатыстырылып келеді. Атап айтсақ, 2015 жылғы 2 қарашадағы «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңға сәйкес, құрылған аудандық Қоғамдық кеңестің құрамындағы 13 мүшенің 5-і азаматтық қоғам өкілдерінен тұрады.
Аудан әкімі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен қарым-қатынас жасау жөніндегі кеңесі құрамының 41%-ын үкіметтік емес ұйымдар өкілдері құрайды.
Үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс лоттарының тақырыптарын қалыптастыру үшін өңірлердің әлеуметтік проблемаларын анықтау үшін жергілікті халықтың қажеттіліктерін анықтау мақсатында жергілікті ҮЕҰ өкілдерімен кездесулері ұйымдастырылды. Кездесу барысында мемлекеттік орган басшыларының жыл ішінде атқарылған жұмыстары туралы есептері берілді. Есеп қорытындысы бойынша ҮЕҰ-лардың өңірлердегі әлеуметтік проблемаларын шешу бағытындағы ұсыныс, пікірлері аясында МӘТ тақырыптары қалыптастырылады.
Атырау облысы әкімдігінің 2017 жылдың 14 желтоқсандағы облыс әкімдігінің №433 қаулысымен қаулысымен «Атырау облыстық Азаматтық орталығы» құрылды. Мемлекеттік органдардың ҮЕҰ-мен кешенді қарым-қатынас ұйымдастыру мақсатында ауданда 1 өкілі жоспарлы түрде қызмет атқаруда.
Сонымен қатар, Үкіметтік емес ұйымдар дерекқорын қалыптастыру қағидаларына сәйкес, қаңтар-наурыз айлары аралығында Атырау облысы бойынша тіркелген ҮЕҰ-ларға Дерекқорға мәліметтерін ұсыну жұмыстары (ақпараттық, кеңес беру) ұйымдастырылды.
Нәтижесінде, Индер бойынша Әділет Департаментінде тіркелген 10 ҮЕҰ-ң 8-і 2020 жылғы 1 қаңтар - 31 наурыз аралығында ҮЕҰ Дерекқорына өз мәліметтерін ұсынды. 2 қоғамдық бірлестік Әділет департаменті арқылы деректер қорынан шығарылды. (оның ішінде: ҮЕҰ-ның құжаттары жоқ және БИН-ы жоқ, 1-ң жетекшісі қайтыс болған)
Мемлекеттік рәміздерді қолдану және насихаттау жұмысы.
Ішкі саясат бөлімі аудан әкімі төрағалық ететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері жөніндегі комиссияның жұмысшы органы болып табылады.
Аталған комиссия отырыстары тоқсан сайын тұрақты түрде өткізіліп келеді. Құрамында аудандық дербес бөлім, мекеме басшылары, білім беру ұйымдарының басшылары, ҮЕҰ және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері енгізілген
Мемлекеттік рәміздердің стандарттарға сәйкестігі мен оларды тәрбие жұмысында қолдану мәселелері талқыланатын комиссия отырыстары тоқсан сайын өткізіліп, округ әкімдерінің, дербес бөлім басшыларының мемлекеттік рәміздер туралы заңнаманы сақтау жөніндегі есептері тыңдалды.
2020 жылы мемлекеттік рәміздер арқылы мемлекеттілікті нығайту және ұлтжандылыққа тәрбиелеу мақсатында ауданда онлайн форматта түрлі шаралар өткізілді.
Жергілікті баспа және электрондық БАҚ-тар, интернет ресурстар және әлеуметтік желілер арқылы кең ауқымды ақпараттық жұмыстар ұйымдастырылып, 10-нан астам жуық астам әртүрлі материалдар жарық көрді.
Индербор кенті мен ауылдық округтерде 7 баннер орналастырылды.
Бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ).
Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру мақсатында Индер ауданының тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында телеарналармен толық қамту мақсатында спутниктік ұлттық телерадиохабарларды тарату қызметі жөнінде «Қазтелерадио» АҚ-ң «Отау-ТВ», «ID TV» сандық телеарналары қызмет етеді. Сонымен қатар аудандық қоғамдық-саяси «Дендер» газеті шығарылады.
2020 жылдың 1 қыркүйек жағдайымен ауданда «Отау-ТV» спутниктік хабар тарату желісіне 3819 абонент қосылған. Оның 121-і ағымдағы жылы қосылған.
2020 жылы мемлекеттік ақпараттық тапсырысты орындауға 6 млн теңге бөлініп, «Caspian NEWS» ЖШС-мен келісім-шарт жасалып, бүгінгі таңда тиісті жұмыстар жасалуда.
Аудан бойынша бүгінгі күні 95 баннер мен 6 лайтбокс бар, оның ішінде Индербор кентінде-14, Көктоғайда-14, Өрлікте-14, Есболда-7, Елтайда-19, Бөденеде-7 баннер, 6 лайтбокс, Жарсуатта-20.
ДІНИ БАҒЫТТАҒЫ ЖҰМЫСТАР
Ауданда діни ахуал тұрақты. 3 мешіт, 1 православиялық ғибадатхана қызмет етеді. Жастардың діни сауаттылығын арттыру, теріс ағымдардан сақтау мақсатында жоспарлы түрде профилактикалық шаралар ұйымдастырылып келеді.
2020 жылы 4-5 ақпан аралығында «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық қорының теолог маманы Шүкіридден Темірқұлұлы, тарихшы маман Абзалов Ернар, «Жусан операциясымен» қақтығыс аймағынан келген отбасы мүшесі, АТТ мүшесі Еркінбай Перизат Индер ауданына арнайы іссапармен келіп, Елтай ауылы, Құрылыс ауылы тұрғындарымен, мекеме қызметкерлерімен, жоғары сынып оқушылары, студенттермен кездесті. Аталған шараға аудандық АТТ мүшелері, аудандық «Қоғамдық келісім» кеңесі мүшелері, БАҚ өкілдері қатысты. Жиынға қатынасушылар діни бағытта өздерінің көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, мамандардан толыққанды жауаптарын алды. Сонымен қатар, жалған діни ағымдардың арбауына түсудің жолдары мен зияндарын түсіндірген Сириядан елімізге оралған отбасы мүшесі Еркінбай Перизат Сириядағы бастан кешкен қиын тағдырын айта отырып, жастарға, аудан тұрғындарына түсіндірме жұмыстарын жүргізудегі мақсатын жеткізсе, мамандар тарапынан дәстүрлі рухани-имандылық, діни құндылықтарды, қазақ салт-дәстүрін дәріптеу, дәстүрлі емес ағымдардың бет-бейнесін, олардан сақтанудың жолдары мен әлеуметтік желілерден келетін қауіпті ақпараттардан сақтандыру бағытында мағлұматтар берілді.
19 ақпан күні Жарсуат ауылы, Жарсуат мәдениет үйінде, ауыл тұрғындары, әкімшілік және мәдениет қызметкерлері, «Ардагерлер алқасы», мектеп мұғалімдері және оқушыларының қатынасуымен «Зайырлы қоғамдағы діни сауаттылықтың маңызы» тақырыбында кездесу өтті. Жиын соңында облыстық баспадан шыққан «Дүрбі» газеті мен кітапшалар үлестірілді.
21 ақпан күні жоспардан тыс «Индер Иман жастары» еріктілерінің бастамасы мен жүзеге асып жатқан «Жақсылық жасауда жарысайық» акциясы аясында Индер аудандық «Жастар ресурстық орталығы» мамандары мен бірлесіп аудандағы тыл еңбеккері Рая Мұхаммеджанова барып тиісінше көмек көрсету шарасына қатынасты.
Жоспарға сай, аудан тұрғындарына екпенің маңыздылығын түсіндіру, екпеден бас тарту себебін анықтау мақсатында дінтанушы, теолог мамандарды тарта отырып, түсінік жұмыстары жүргізіліп келеді.
Ағымдағы жылдың 25-27 ақпан аралығында құрамында аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы М.Темірғалиева, аудандық санитарлық эпидемиологиялық бөлім басшысы А.Қосымбаева, аудандық аурухананың бала дәрігері С.Исағалиева, аудандық аурухананың эпидемиолог дәрігері Г.Рахимова, «Шапағат» қоғамдық қорының аудан бойынша теолог маманы Е.Сағынов, "Дендер" газетінің тілшісі А.Бокирова, ақпараттық талдау орталығының маманы Д.Байбақты бар топ мүшелері екпе алмай жүрген балалардың үйлерін аралап, екпеден бас тарту себептерін анықтады. Қамтылған 13 отбасына мамандар тарапынан екпенің маңыздылығы жөнінде толыққанды түсінік берілді. Түсінік жұмыстары нәтижесінде 4 бала кезекті екпелерін алды.
5 маусым күні ZOOM бағдарламасы арқылы, «Екпе-сенімді қорғаныс» тақырыбында аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы М.Темірғалиева, аудандық бала дәрігері С.Исағалиева, аудандық санитарлық эпидемиологиялық бөлім басшысы А.Қосымбаева, облыстық «Шапағат» қоғамдық қорының теолог маманы Е.Абзалов, "Дендер" газетінің тілшісі А.Бокированың қатысуымен жиналыс өткізілді. Ата-аналар тарапынан екпенің құрамы қандай? әлеуметтік желілерде жүрген ақпараттарға сенуге бола ма? т.б сұрақтар қойылып, мамандардан толыққанды жауаптарын алды.
Сонымен қатар онлайн форматта шілде-тамыз айларында «Ұлттық құндылықтар –тұрақтылық тұғыры», «Мұсылманға міндет бес парыз», «Қазақ халқының отбасылық құндылықтары», «Зайырлылық –қазақ қоғамының рухани дамуының кепілі» атты Facebook, Instagram әлеуметтік желілерінде кездесу өткізілді.
Кадрлық жұмыс.
Индер ауданы Ішкі саясат бөлімінің құрылымы
|
Бөлім басшысы (1 бірлік) |
|
Бөлімнің бас маманы (1 бірлік) |
|
Бөлімнің бас маманы (1 бірлік) |
Бөлім басшысы – 1 бірлік Бас мамандар – 2 бірлік