Индер аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі "коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесі»

 «Индер аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік  мекемесінің ережесі

 

                             1-тарау.  Жалпы ережелер

 

  1. Индер аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар  және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі  коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі- Бөлім) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, азаматтық хал актілерін тіркеу саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
  2.      Бөлімнің ведомствосы- Индер ауданы әкімдігінің «халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Индер аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Жартылай күндізгі стационарлық үлгідегі ұйымының күндіз болу бөлімшесі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі -Орталық)  бар.
  3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  4.  Бөлім мемлекеттік мекеме  ұйымдастырушылық - құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
  5.  Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға  өз атынан түседі.
  6. Бөлімнің, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
  7.     Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлімнің  басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
  8. Бөлімнің құрылымы мен штат санының  лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
  9. Бөлімнің орналасқан жері: 060200, Атырау облысы, Индер ауданы, Индербор кенті, Конаев көшесі, 16 үй

 

 

                                             2

 

 

  1. Бөлімнің толық атауы – "Индер аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
  2.  Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
  3.  Бөлімнің қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.
  4.     Бөлімнің  кәсіпкерлік субъектілерімен функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

          Егер Бөлім заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер, егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

2-тарау. Бөлімнің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

  1. Бөлімнің миссиясы:

 Аудан халқын жұмыспен қамту, халықты әлеуметтік қамсыздандыру және мүгедектерді әлеуметтік қорғау, мұқтаж азаматтарға  әлеуметтік көмек көрсету.

  1. Бөлімнің міндеттері:

       1) жұмыспен қамту;

       2) мүгедектерді әлеуметтік қорғау;

       3) балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау;

       4) азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету;

       5) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету;

      Қазақстан Республикасының заңнамасымен Бөлімге жүктелген өзге де міндеттер.

 

  1. Бөлімнің функциялары:
  • жұмыс күшіне қатысты бөлігінде сұраныс пен ұсынысты талдайды, болжайды, өңірдің еңбек нарығының жай-күйі туралы жергілікті атқарушы органдарға және халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға хабарлайды;

          2) мемлекеттік, үкіметтік бағдарламалар және аумақтарды дамыту бағдарламалары, сондай-ақ жекеше сектор бастамалары шеңберінде іске асырылатын жобаларда сұранысқа ие мамандықтар бойынша ағымдағы бос орындар және құрылатын жұмыс орындарының болжамы туралы әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесінің дерекқорын қалыптастыруға қатысады;

 

 

3

 

          3) Жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау және халықты жұмыспен қамту шараларын әзірлейді, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын ұйымдастырады;

          4) мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

          5) жергілікті атқарушы органдардың білім мәселелері жөніндегі құрылымдық бөлімшелерінен, білім жөніндегі ұйымдардан, кәсіптік оқытуды жүзеге асыратын білім беру қызметіне құқығы бар ұйымдардың жанындағы оқу орталықтарынан түлектердің жұмысқа орналасуы туралы мәліметтер, оқыту жүргізілетін кәсіптер (мамандықтар) туралы және нақты кәсіптер (мамандықтар) бойынша даярланған және даярлау жоспарланып отырған және бітіріп шығатын мамандар саны туралы ақпарат сұратады;

          6) жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аударуы үшін елді мекендерді айқындау бойынша ұсыныстарды жергілікті атқарушы органдарға енгізеді;

          7) халықты жұмыспен қамту орталықтарының жұмысын үйлестіреді;

          8) жұмыс берушілерден кадрларға болжамды қажеттілік туралы ақпарат сұратады;

          9) жұмыстан босату және жұмыс орындарын қысқарту қатері бар ұйымдардың мониторингін жүзеге асырады;

          10) Жұмыс іздеп жүрген адамдарды жұмыссыздар ретінде тіркейді.

11)Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындауды жүзеге асырады;

12)Жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын, әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асырады;

          13) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

          14) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін, өз қарамағындағы субъектілерді құруды және олардың қызметін қамтамасыз етеді;

          15) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерді кадрмен қамтамасыз етуді, әлеуметтік қызметкерлерді кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;

          16) халықтың арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттіліктеріне талдау жүргізуді қамтамасыз етеді;

          17) арнаулы әлеуметтік қызметтерді және арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау мен айқындау жөніндегі қызметтерді көрсету бойынша мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастырады;

          18) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесін дамыту жөнінде шараларды қабылдайды;

 

      4

 

            19)  жеке және заңды тұлғалармен және мемлекеттік органдармен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды;

          20) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;

21) Мүгедектерге әлеуметтік және қайырымдылық көмек көрсетуді ұйымдастырады;

22) Бизнестің  әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы жұмыстарын ұйымдастырады;

23) Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөнінде тұракты әрекеттегі комиссияның  жұмысын  ұйымдастыру;

24) «Еңбек жолы» конкурсы жұмыстарын  ұйымдастыру;

25)     соғыс және еңбек  ардагерлері мен  мүгедектерін  әлеуметтік  қолдау  жөніндегі  жұмысты  ұйымдастыру;

26) Кәмелеттік жасқа толғандар қатысты қорғаншық және қамқоршылық жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

27) 1941 жылғы 22 маусым -1945 жылғы 9 мамыр кезеңіндегі кемінде  6 ай  жұмыс істеген адамдардың жұмыс стажын белгілеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

28) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен азаматтық хал актілерін тіркеуді жүзегеа сырады және тіркеу туралы мәліметтерді Жеке тұлғалар туралы мемлекеттік дерекқорға енгізеді;

29) Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу;

30) Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру»;

31) «Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету;

          32)Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды ресімдеу»;

          33) Мүгедектерге кресло-арбалар беру;

          34) Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету;

          35) Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу;

          36)Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу;

          37)Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау;

          38)Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу;                                                     

39)Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау;

 

                                               5

 

          40)Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру;

41) Ақталған адамға куәлік беру;

42) Тұрғын үй көмегін тағайындау;

43)Азаматтар мен заңды тұлғалар құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын және қорғалуын қамтамасыз ету, заңдарда белгіленген тәртіп пен мерзімде азаматтардың өтініштерін қарау, олар бойынша қажетті шаралар қолдану;

44).АХАТ қызметі бойынша  азаматтарды қабылдап кеңестер беру;

45)Азаматтардың хал актілерін мемлекеттік тіркеу кезінде  заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету;

46) ҚР-ның азаматтарының тегін, әкесінің атын  өзгерту туралы  іс-құжаттарын және  қорытындысын дайындау;

47) Түзету, толықтыру, өзгеріс енгізу және хал актілерін қалпына келтіру  іс-құжаттарын және қорытындысын дайындау;

48) АХАТ қызметі бойынша  мұрағатына жауап беру;

49) Азаматтық хал  актілерін  тіркеу жөніндегі  куәліктер  бланкілерінің кірісі мен шығысын  есепке алу бойынша  кітаптармен  жұмысын жүргізу;

50)Азаматтық хал актілері мен метрикалық кітаптарды тіркеу, кітаптарды жөндеуден өткізу;

51)АХАТ қызметі бойынша құжаттарды ведомстволық мұрағатқа тапсыру және сақтау;

 52)Тұрғындар арасында ҚР-ның «Неке (Ерлі зайыптылық) және отбасы туралы» Заңының тәртібін және  азаматтық хал  актілерін  тіркеу ережесін түсіндіру;

53)Уақытында тууды, өлімді тіркеу үшін дәрігерлік  мекемелермен,  статистикалық органдармен тығыз байланыста жұмыс атқару;

54)Азаматтардан және ұйымдардан түскен сұраныс бойынша жауап дайындау;

55)Әр ай сайын, тоқсан сайын Әділет департаментіне тапсырылатын есепті дайындау;

56)АХАЖ АЖ тіркеу пунктін уақытылы, толық, мерзімінде толтырылуын орындау;

57)Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу;

58)Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу;

59)Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру;

60) Әке болуды анықтауды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу;

 

 

                                                  6

 

61)Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу;

62)Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру;

63)Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу;

64)Бала асырап алуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу;

 

65)Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу;

66) «Азаматтық хал актілері жазбаларын жою»;

67)  бөлімнің  бюджеттік  бағдарламаларының  паспорттарын  әзірлеу  және  аудандық әкімдікке  бекітуге ұсыну;

68) бөлімде бухгалтерлік есепті, лимиттердің жұмсалуын, әкімшілік  бағдарламалардың шығыстар сметаларының  орындалуын, бухгалтерлік  есептің  бюджеттік  сыныптамасының  дұрыс  жүргізілуін  ұйымдастыру  және  бақылау;

69)Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

16.1  Жұмыспен қамту орталығының функциялары:

 

      1) халықты жұмыспен қамтудың жай-күйін бағалауды және дамуын болжауды, халықты еңбек нарығының жай-күйі туралы хабардар етуді жүзеге асырады;

      2) осы Заңда көзделген жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын, сондай-ақ бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің қосымша шараларын іске асыруды жүзеге асырады;

       3) өтініш жасаған адамдарды жұмыс іздеушілер ретінде тіркейді;

      4) жұмысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаражаты есебінен әлеуметтік төлем тағайындау үшін тізбесін халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген қажетті құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады және оларды Мемлекеттік корпорацияға жібереді;

      5) әлеуметтік кәсіптік бағдарлау бойынша қызметтер көрсетеді;

      6) жұмыс іздеп жүрген адамдарға және жұмыссыздарға жеке өзі барған немесе ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және (немесе) ұялы байланыс желісінің абоненттік құрылғысы арқылы өтініш жасаған кезде оларды лайықты жұмыстың бар екендігі туралы міндетті түрде хабардар ете отырып, лайықты жұмыс таңдауда жәрдемдеседі;

     7) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорымен өзара iс-қимыл жасауды жүзеге асырады;

 

                                                       7

 

      8) бос жұмыс орындарының (бос орындардың) есебін жүргізеді;

      9) жұмыспен қамтудың жеке картасын жүргізеді;

      10) әлеуметтік келісімшарттар жасасады;

      11) жұмыс іздеп жүрген адамдарға, жұмыссыздарға және өтініш жасаған өзге де адамдарға еңбек делдалдығын көрсетеді;

      11-1) жұмыссыз ретінде тіркеу туралы анықтаманы өтеусiз негiзде береді;

      11-2) тіркелген жұмыссыздарға қатысты бюджет қаражаты есебінен және көрсетілген қызметтер үшін олардан төлемақы алмай, халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингін халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырады;

      11-3) халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингі туралы шарттың іске асырылу барысын мониторингтеуді және бақылауды жүзеге асырады;

      12) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларын көрсетеді.

16.2  Жартылай күндізгі стационарлық үлгідегі ұйымының күндіз болу бөлімшесінің   функциялары:

       1) жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік көмек көрсетуге мұқтаж тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектердің, оның ішінде бір жарым жастан ТҚА бұзылған балаларға көмек көрсетеді;

       2) жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік кызмет көрсетеді;

       3) қызмет алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, олардың даму деңгейін арттыруға, әлеуметтендіруге және кіріктіруге бағдарланған арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетеді;

      4) жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда қолайлы моральдық психиологиялық жағдай жасайды;

      5) қызмет алушыларға сауықтыру және әлеуметтік оңалту іс-шараларын өткізуге бағытталған қажетті арнаулы әлеуметтік қызметтер кешенін ұсынады, жан жақты көмек көрсетеді;

      6) мүгедектерге әлеуметтік, медициналық және кәсіптік оңалту жүргізеді;

          

  1. Бөлімнің құқықтары мен міндеттері:

 

         1) өз құзыреті шегінде орындалуы міндетті бұйрықтарды қабылдау;

  • заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, өзге ұйымдардан және лауазымды адамдардан қажетті ақпарат пен материалдар сұрату және алу;

          3) қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру;

          4) Қазақстан Республикасының заңнамасын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін сақтау;

 

 

                                                        8

 

            5) ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;

          6) Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті жылдарға арналған заң жобалау жұмыстары жоспарларын уақтылы және сапалы орындауды қамтамасыз ету.

     

 3-тарау. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру

 

          18  Бөлімде басшылықты бірінші басшы жүзеге асырады, бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына  және өз функцияларын  жүзеге асыруға басшы дербес  жауапты болады.

19 Бөлімнің  бірінші басшысын  аудан әкімі қызметке тағайындайды  және  қызметтен босатады.

20 Бөлімнің бірінші басшысының Қазақстан  Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын қызметкерлері болады.

          21 Бөлім басшысының өкілеттігі:

          1) Өзінің орынбасараның және мамандандырылған құзіреті мен міедеттерін анықтайды;

          2)   Заңнамаңа сәйкес бөлім қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

3)    заңнамамен белгіленген тәртіпте бөлім қызметкерлерін көтермелеуді және тәртіптік жазаға тартуды жүзеге асырады;

          4) шарттарға, бөлім актілеріне қол қояды;

          5) ауданы әкімдігінің қаулысымен бекітілген штат санының лимиті мен құрылымы шегінде Бөлімнің штаттық кестесін және бөлімнің ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердің сәйкесті жылға арналған қаржыландыру жоспарын бекітеді;

          6)мемлекеттік органдарда, басқа ұйымдарда Бөлімнің мүддесін қорғайды;

          22 Бірінші басшының болмаған уақыттарында басқару өкілеттігі  Қазақстан  Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асады;

          23 Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы  заңнамаға сәйкес белгілейді;

         24 Бөлім аппаратын  Қазақстан  Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын   аудан әкімі  басқарады,

 

4-тарау. Бөлімнің мүлкі

 

                                                   9

 

         1.Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкін.      

         Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және                                                           

Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

  1. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
  2. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, бөлім өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

 5-тарау. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату

     

  1. Бөлім қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

Индер аудандық жұмыспен қамту әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің ведомстволақ ұйымдардың тізбесі

  1. Индер ауданы әкімдігінің «халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
  2. Индер аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Жартылай күндізгі стационарлық үлгідегі ұйымының күндіз болу бөлімшесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Индер аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі "коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесі»
Дата публикации
30 ноября 2020