Индер ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерлерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» Индер ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 22 қаңтардағы № 13 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5253 болып тіркелген) келесі толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулы қосымшасының 1-тармағының екінші абзацы және 2-тармағының алтыншы абзацы «бухгалтер» деген сөзбен толықтырылсын;
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Лауазымы Аты-жөні