«Индер аудандық ішкі саясат бөлімі»
мемлекеттік мекемесі туралы
Ереже
Қазақ тілінде: «Индер ауданық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
Егер Индер аудандық ішкі саясат бөлімі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттен кірісіне жіберіледі.
Қоғамдық-саяси құқықтандыруды қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жүзеге асыру, сондай-ақ мемлекеттік тәуелсіздікті нығайту, қоғамдық үрдісті демократияландыружәне қоғамды нығайтып біріктіруді қамтамасыз ету.
Мемлекеттік ішкі саясатты, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің заңды актілері мен тапсырмаларын, ауданда мемлекеттік органдар мен лауазым иелерінің жүзеге асыру барысын қадағалау.
Мемлекеттік ішкі саясатты түсіндіру және насихаттау жөніндегі жоспарларды, қоғамдық саясат жүйесіндегі, ішкі саясат мәселерінде Қазақстан Республикасы заңдылықтарын жасақтаудағы және іске асырудағы жұмыстарды реттеу.
Аудан көлеміндегі қоғамдық-саяси жағдайдың дамуына талдау жасап, жан-жақты әділ зерттеу жүргізіп, жариялап отыру.
Қоғамдық саяси жағдайды алдын-ала болжауға бағытталған социологиялық зерттеулер жүргізу.
Еліміздің ұзақ мерзімді , кемелді дамуына сай мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру.
Қоғамдық бірлестіктермен, саяси партиялармен, қоғамдық және діни саяси ұйымдармен, кәсіподақтармен, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен бірлесе жұмыс жасау.
Аудандағы ішкі саясаттың жұмысы туралы аудандық әкімият мәжілісінің күн тәртібіне мәселе ұсыну және оны дайындауға қатысу.
Аудан әкімі аппаратының салалық бөлімдерімен бірлесе отырып ішкі саясат саласы бойынша әдістемелік ұйымдастыру жұмыстарын атқару.
Қазақстан Республикасының заңдарымен қарастырылған өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Өз қызметі саласындағы заңдылықтар енгізуге, нормативтік-құқықтық актілер жобасын әзірлеуде және оны дайындауға қатысу.
Тұрғындар арасында заң мәселелері жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын, сонымен бірге хат, шағым, ұсыныстар мен жеке өтініштерді қарауды жүргізу.
Бөлімнің қызметіне байланысты тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басшыларына тапсырмалар береді, олардың орындалысын бақылайды, ақпараттар талап етіп, олардың өткізген шараларына қатынасады.
Жастар саясаты және ақпараттық саясат мәселелерін ұйымдастыру жөніндегі мемлекеттік тапсырыстарды орындау жөніндегі аймақтық бағдарламаны қаржыландыру мәселесін жүзеге асыру.
Аудан әкімінің аймақтағы хабарларды тарату және жариялықты жетілдіру жұмыстарына қатысу, биліктің қоғамдық-саяси және экономикалық саладағы жұмысын ақпараттандыру.
Индер аудандық ішкі саясат бөлімі компетенциясына байланысты мемлекеттік органдардың лауазымды басшыларына ұйымдастыру-әдістемелік, ақпараттық көмек беру.
Аудан әкімі жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардан, басқа да ұйымдар және азаматтардан белгіленген тәртіппен хабарлама сұрауға, мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардың қызметкерлерін мәселелер дайындауға қатыстыруға, белгілі бір ұсыныстарды дайындау үшін уақытша жұмысшы тобын құруға.
Аудан әкіміне мемлекеттік органдардың ішкі саясат саласындағы қызметін жетілдіру жөнінде ұсыныс енгізуге.
Тиісті мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға ішкі саясат саласындағы қызметін нәтижелі атқаруға тапсырма беруге, сондай-ақ атқарушы органдардың өткізетін шараларына қатынасуға.
Өз өкілеттілігі шеңберінде тиісті мәселелер бойынша органдар мен ұйымдар өкілдерінің жұмысын аудан әкімнің алқа мәжілісіне ұсынуға және оның орындалысы туралы аудан әкіміне хабаралама беруге.
Қолданыстағы заңдарға сәкес заңды тұлғаларғы жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар енгізуге.
Жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдардан, бөлімге қарасты кәсіпорындарын бөлімге жүктелген міндеттерді жүзеге асыруға қажетті ақпараттық-анықтамалық материалдар беруді талап етуге және алуға.
Жергілікті атқарушы мемлекеттік органдардың мамандарын олардың басшыларымен келісе отырып жұмысқа тартуға.
Бөлім құзыретіне енетін мәселерін жөнінде мәжілістер, семинарлар, конференциялар өткізуге.
Аудандық ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі А.Мурзин