«Индер аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
ЕРЕЖЕСІ
2.«Индер аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ведомстволары бар:
-«Индер аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі;
-«Индер аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Индер балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
3.«Индер аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4.«Индер аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5.«Индер аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6.«Индер аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесіне егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7.«Индер аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Индер аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8.«Индер аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9.Заңды тұлғаның орналасқан жері: пошталық индекс 060200, Атырау облысы, Индер ауданы, Индербор кенті, Н.Меңдіғалиев көшесі-30
10.Мемлекеттік органның толық атауы - «Индер аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
11.Осы Ереже «Индер аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
12.«Индер аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бюджетінен (сметасынан) жүзеге асырылады.
13.«Индер аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің кәсіпкерлік субъектілерімен, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер «Индер аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
1)Отандық мәдениет пен өнерді насихаттау, ұлттық өнерді және дарынды тұлғалардың қызметтерін дамыту.
2)Тілдерді қолдану мен дамыту бағытындағы және ауданның ономастика саласындағы жұмыстарын жетілдіру.
3)Тарихи-мәдени мұраларды қорғау, сақтау мен пайдалану бағытында жергілікті атқарушы органдар, мекеме, кәсіпорындардың жұмысына бақылау жасайды және ескерткіштерді орнату жұмыстарына ұсыныс береді, жұмыстарын жүргізеді;
4)Мәдени ағарту мекемелерінің мәдениет үйлері мен клубтардың, кітапханалардың жұмысына басшылық етеді, мәдениет мекемелері мен ұйымдардың мәдени ағарту жұмыстары желісін кеңейту, дамыту;
5)Мәдениет мекемелерінің жұмысын дамыту, мемлекеттік жоспардың орындалуын, халыққа ақылы қызмет ету жоспарын ай, тоқсан сайын орындалуын қадағалау;
6)«Мәдениет туралы» Заңды басшылыққа алып, мәдени мекемелердің материалдық-техникалық базаларын жақсарту жұмыстарын ұйымдастыру;
7) Қазақтың ұлттық мәдениетінің қайта жаңғыруын, сақталуын, дамуын және таралуына қамқорлық жасау;
8) Қазақстан Республикасының зандарында көзделген жағдайларда коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстараның (көрсететін қызметтерінің) міндетті көлеміне бақылау жасау;
9)Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын және оларды орындау жөніндегі есептерін қарайды, осы Заңда көзделген жағдайларда келіседі және бекітеді;
10)Коммуналдық мемлекеттік мекемелердің жарғысын (ережесін), оған енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға келісім береді;
11)Коммуналдық мекеме басшыларын тағайындайды және тағайындау үшін келісім береді;
12) Қазақстан Республикасы Заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтарының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларының және облыс әкімдігінің тіл туралы заңнамаларын меншік түріне қарамастан кәсіпорын, мекемелерде орындалуын зерделеу және бақылауды жүзеге асыру.
13)тұлғаның шығармашылық, рухани және физикалық мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік және салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке тұлғалықтарын дамыту үшін жағдайлар жасау арқылы ой-өрістерін байыту;
14)азаматтылыққа, патриоттыққа және өз Отаны-Қазақстан Республикасын сүюге, мемлекеттік рәміздерді сыйлауға, халқымыздың салт-дәстүрлерін құрметтеуге тәрбиелеу.
15)басқа мемлекеттік органдармен, мекемелермен мәдениет және спортты дамыту мен насихаттауға бағытталған мәдени-спорттық, қоғамдық маңызды шараларды дайындау және жүргізу ісінде әрекет ету;
16)жергілікті атқарушы органдардан, кәсіпорындар мен ұйымдардан бөлімнің құзіретіне жататын мәселелер бойынша ақпарат сұратуға;
17)аудандық әкімдікке бөлімнің құзіретіне жататын мәселелер бойынша ұсыныстар енгізуге құқылы.
18)халықтың сұранысындағы көркем әдебиетпен қамтамасыз ету үшін ұсыныстар беру.
1)Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінің, Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің тапсырмаларын, облыс, аудан әкімдері нормативтік актілерінің орындалысын қамтамасыз ету;
2) бөлімнің құзырына кіретін мәселелер бойынша аудан әкімі аппаратының тиісті бөлімдерімен ақпараттық байланысты қамтамасыз ету;
3) аймақтағы тіл саясатын жүзеге асыруды тоқсан сайын қорытындылайды;
4) Тіл саясатына қатысты ғылыми-тәжірибелік конференциялар, семинарлар, жиналыстар, дөңгелек үстелдер т.б. өткізеді;
5) Мәдениет қызметкерінің білімділігін, біліктілігі мен шығармашылығын дамытып аттестациядан өткізіп отырады;
6) аудандық шараларын өткізу және олар үшін қаржы бөлуді ұйымдастыру;
7) тұрғындар арасында түрлі мәдени-көпшілік жұмыстар жүргізу арқылы, олардың бос уақыттарын тиімді пайдалануына жағдай жасау;
8) Аудандағы кітапханалар жүйесінің жұмысын ұйымдастыру;
9)халық арасында ұлттық өнер мен салт-дәстүрді насихаттау, ақыл-ойы дамыған ұрпақты тәрбиелеуге қажетті әдістер мен тәсілдерді пайдалана отырып, мәдениет үйінің әлеуметтік-экономикалық статусын көтеру;
10) тұрғындардың әртүрлі топтарының тілек-мүдделері мен рухани қажеттіліктерінің сұраныстарына байланысты жаңа мәдени қызметтерді ұйымдастыру жұмыстарының әдістері мен нормаларын енгізу. Жас ұрпақты мәдени шараларға белсенді қатыстыру.
11)драмалық, музыкалық, хореографиялық, бейнелеу, әсемдік-қолданбалы және эстрадалық өнердің жоғары көркемдік туындыларын қамтамасыз ететін сайыстар мен байқаулар, өзге де мәдени шараларды ұйымдастырып өткізуге басшылық жасау.
12)аудан көлеміндегі тарихи, мәдени ескерткіштерді насихаттау және оларды пайдалану, жөндеу, есебін жүргізу жұмыстарын қадағалауды жүзеге асырады;
13)2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-ші жасөспірімдер разрядындағы спортшы, 2-ші жасөспірімдер разрядындағы спортшы, 3-ші жасөспірімдер разрядындағы спортшы спорттық разрядтарын және бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру;
14)спорт қозғалысының, саламатты өмір салты принциптерін насихаттау;
15) облыс құрама командаларына спорт резервтерін даярлау;
16)облыстық және республикалық спорт аренасында жоғарғы спорт нәтижелеріне жету;
17) спорттық шараларға қатысушылардың материалдық қамтылуы үшін шығындар мөлшерін бекітеді;
18) спорт түрлерінен аудандық жарыстар өткізу;
19)спорт түрлеріне ауданның құрама командаларын даярлауды және облыстық, республикалық, басқа да іс-шараларға қатысуды қамтамасыз ету;
20) аудан көлемінде бұқаралық спорт және ұлттық спорт түрлерінің дамуын жетілдіру үшін ұсыныстар береді.
21)спорт іс-шараларының қатысушыларын, аудандық және басқа да іс-шаралар жеңімпаздарын, спортшылар мен спорт ұйымдарының қызметкерлерін, диплом мен мақтау қағаздары, медальдар, төс белгілерімен марапаттау;
22) аудандық бұқаралық спорттық іс-шараларының күнтізбелік жоспарын әзірлеу, бекіту және жүзеге асыру;
23)Халықаралық жарыстар мен турнирлерге, Қазақстан Республикасы мен Тәуелсіз елдер достастығы және де басқа дәрежедегі чемпионаттар мен турнирлерге аудан құрама командасын дайындауды қамтамасыз етеді;
24)спорт іс-шараларын өткізу кезінде техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау;
25)аудандағы мәдениет үйлері, кітапханалар мен спорт мектептерінің жұмысына басшылық жасайды, дене тәрбиесі мен спортты дамыту жөніндегі ауданның әртүрлі ұйымдарының қызметін үйлестіреді;
26)кадрларды даярлау, қайта даярлау және кәсіби шеберлігін көтеру, әдіскерлік жағынан қамту, конференциялар мен семинарлар, басқа да оқу мен мамандардың тәжірибе алмастыруларының бағдарламаларын бекітіп, үйлестіреді, спорттық жарыстар мен жиындар өткізу ережелерін бекітеді, тиісті құжаттарын дайындайды;
27)спорт ұйымдарына әдістемелік және ұйымдастыруға басшылық жасайды;
1)мәдениет, тілдерді дамыту және спорт жүйесін дамыту мәселесі бойынша жоба әзірлеп, оны белгіленген тәртіппен жоғарғы органдарға ұсынуға;
2)бөлімнің саласына жататын мәселелер бойынша тиісті мемлекеттік органдарға тапсырмалар беру, олардың орындалуын бақылау, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың ұйымдастырған шараларға қатысу;
3)Қазақстан Республикасы Конституциясын және заңнамасын сақтауға;
4) Бөлім құзырындағы мәселелер мен айналысатын мәдени мекемелерінің басшыларына әдістемелік, ақпараттық және басқада көмек көрсетуге;
5)Мәдениет, тіл, денешынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясатын іске асыруға;
6)Мемлекеттік органдардың, мекемелер, кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмысын жетілдіру туралы көрсетілген бағытта ұсыныс енгізуге;
7)өзіне берілген мүлікті басқаруды жүзеге асыруға;
8) Қазақстан Республикасы «Тіл туралы» Заңының орындалуын бақылау жұмыстарын мемлекеттік және барлық меншік нысанындағы мекемелер мен кәсіпорындарды тексеру арқылы заңның орындалуын қадағалауға;
9) Тиісті мемлекеттік органға қарасты тиісті саланың коммуналдық заңды тұлғаларға бекітілген мүлкін есептеп шығаруға келісуді жүзеге асыруға құқылы.
10) осы Ереже, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде айқындалған өзге де өкілдерді жүзеге асырады.
18.«Индер аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесіне басшылықты бірінші басшы жүзеге асырады, ол жүктелген міндеттердің орындалуына және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.
21.«Индер аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
22.«Индер аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкін.
«Индер аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
24.Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Индер аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.