Индер ауданы әкімдігінің
2020 жылғы «15» қазандағы
№ 178 қаулысымен бекітілген
«Индер аудандық білім бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
Е Р Е Ж Е С І
12 «Индер аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен «Индер аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер «Индер аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне» заңнамалық актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджетінің кірісіне жіберіледі.
1) ұлттық және жалпы адамгершілік құндылықтар, ғылым және практика жетістіктері негізінде тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби қалыптасуына бағытталған сапалы білім алулары үшін қажетті жағдайлар жасау;
2) тұлғаның шығармашылық, рухани, адамгершілік негіздерін қалыптастыру, жеке тұлғалықтарын дамыту үшін жағдайлар жасау арқылы ой-өрістерін байыту;
3) азаматтылыққа, патриоттыққа және өз Отаны – Қазақстан Республикасын сүюге, мемлекеттік рәміздерді сыйлауға, халқымыздың салт-дәстүрлерін құрметтеуге, Конституцияға және қоғамға қарсы кез-келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу;
4) әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктерін тарату, қазақ халқының және республикамыздағы басқа да халықтардың тарихын, салт-дәстүрлерін зерттеу, мемлекеттік, орыс және шетел тілдерін меңгеру;
5) білім беру ұйымдарының автономиялық дербестіктерін кеңейту, білім беруді басқаруды демократизациялау және орталықтандыру;
6) білім беруді ақпараттандыру және халықаралық глобальды коммуникативті жүйеге шығу арқылы оқытудың жаңа технологияларын енгізу;
7) педагогикалық қызметкерлердің әлеуметтік мәртебесін арттыруды қамтамасыз ету;
8) қоғамның және экономиканың сұранысына жауап беретін ұлттық білім сапасын бағалау жүйесінің қызмет етуі.
1) мектептердің, мектепке дейінгі және мектептен тыс мекемелерінің мектепке дейінгі, орта жалпы және қосымша білім берудің мемлекеттік жалпы міндетті стандарттарын іске асыру жөніндегі қызметтерін үйлестіру;
2) білім алушылардың ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуын ұйымдастыру;
3) мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды, оларды орта білім алғанға дейін оқытуды ұйымдастыру;
4) арнайы және мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын қоспағанда, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен құру, қайта ұйымдастыру және тарату бойынша ұсыныстар енгізу;
5) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарының (қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда) материалдық-техникалық қамтамасыз етілуіне қолдау көрсету және ықпал ету;
6) мектепалды даярлық, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарына оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер сатып алу және жеткізуді ұйымдастыру;
7) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту бойынша ұсыныстар енгізу;
8) аудандық әдістемелік кабинеттің материалдық-техникалық базасын қамтамасыз ету;
9) балаларға қосымша білім беруді қамтамасыз ету;
10) аудан ауқымында жалпы білім беретін пәндер бойынша мектеп олимпиадаларын және ғылыми жобалар конкурстарын ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз ету;
11) жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды белгіленген тәртіппен мемлекеттік қамтамасыз ету, оларды міндетті жұмысқа орналастыруды және тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау;
12) жергілікті атқарушы органдарымен бірлесе шалғай орналасқан елді мекендерінен балаларды білім беру мекемелеріне ақысыз жеткізуді, күн көрісі төмен және көп балалы отбасыларды, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларды ақысыз тамақпен тамақтандыруды ұйымдастыру;
13) білім беру мониторингін жүзеге асыру;
14) негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың бланкілеріне тапсырыс беруін және солармен қамтамасыз етілуін ұйымдастыру және олардың пайдалануына бақылауды жүзеге асыру;
15) аудандық мемлекеттік білім беру ұйымдарының кадрмен қамтамасыз етілуін жүзеге асыру;
16) балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын зерттеп-қарауды және халыққа психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық көмек көрсетуді қамтамасыз ету;
17) білім беруді дамыту бағдарламаларын жүзеге асыру;
18) аудан мемлекеттік білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогикалық қызметкерлерін аттестаттау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
19) белгіленген тәртіпте жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларды есепке алу және оларды одан әрі ұстау, тәрбиелеу, оқыту және мемлекеттік қамтамасыз ету бойынша қызметті жүзеге асыру;
20) заңнамамен белгіленген тәртіпте кәмелетке толмағандардың, оның ішінде асырап алуды, өздеріне қорғаншылықты немесе қамқоршылықты, патронатты белгілеуге мұқтаж, қорғаншылықтағы немесе қамқоршылықтағы, патронаттағы, сондай-ақ жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарда тәрбиеленетін жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларын жүзеге асыру;
21) кешенді тәрбиелеу бағдарламаларының жүзеге асырылуын ақпараттық және әдістемелік қамтамасыз ету;
22) отбасы мен мектеп арасындағы өзара әрекеттестік мәселелеріне, мүмкіндігі шектеулі балалармен жүргізілетін түзету жұмыстарына және балаларды үйде оқытуға басшылық пен бақылауды жүзеге асыру;
23) аудандық мемлекеттік білім беру ұйымдарына күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарының жылдық жоспарлануын жүзеге асыру;
24) мекеменің құзыреті шегінде әкімнің және аудан әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеу;
25) облыстық білім басқармасы бекіткен кесте бойынша апталық, айлық, тоқсандық, жартыжылдық және жылдық мәліметтер беріп отыру;
28) көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасын арттыру, нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру;
29) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
1) білім жүйесін дамыту мәселесі бойынша жоба әзірлеп, оны белгіленген тәртіппен жоғарғы органдарға ұсынуға;
2) жергілікті атқарушы органдарына ауданның дамыту жоспарларын жүзеге асыруға қайшылық келтіретін, олармен қабылданған актілерге өзгертулер енгізу немесе күшін жою туралы ұсыныс енгізуге;
3) өз құзыреті шеңберінде орындауға міндетті нұсқау беруге, нормативтік актілерге ұсыныс енгізуге;
4) өз құзыреті шеңберінде белгіленген уақытта жергілікті атқарушы органдардан ақпараттар сұрауға және алуға;
5) оқу-әдістемелік кабинеттерді және білім беру мекемелерді шығарылатын оқулықтар, оқу құралдары, видеомағлұматтар, аудиовизуалдық және басқа оқыту құралдары туралы ақпараттандыру мен мекемелердің оларға қажеттіліктерін талдауға;
6) мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардан, лауазымды тұлғалардан және азаматтардан бөліммен белгіленген мерзімде өз құзыреті шеңберінде қажетті ақпараттар сұрауға және алуға;
9) заңнамамен оған жүктелген өзге де құқықтарды іске асыруға құқылы.
1) бөлім мамандарының өкілеттігі мен міндеттерін белгілейді;
2) заңнамаға сәйкес бөлім қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) бөлімнің қағидасы мен оның құрылымын аудандық әкімдікке бекітуге ұсынады;
4) бұйрық шығарады және бөлімнің барлық қызметкерлеріне тиісті тапсырма береді;
5) барлық мемлекеттік органдарға және өзге ұйымдарға бөлімді таныстырады;
6) өз өкілеттігі шеңберінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V Заңының талаптарын орындауын қамтамасыз етуге және онда қарастырылған тәртіптік жазаны қолдануға дербес жауапты болады;
7) Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес өзге де өкілеттікті іске асырады.
«Индер аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
«Индер аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.