2025 жылы Индер аудандық жер қатынастары

2025 жылы Индер аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі тұрғындарға бірқатар мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетіп, өзінің функциялық бағыттары бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы                     1 қазандағы № 301 бұйрығы)  және Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларын бекіту туралы (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің                      2015 жылғы 30 қарашадағы  №750 бұйрығы.) сәйкес есепті кезең ішінде бөлім тарапынан барлығы 1024 мемлекеттік қызмет көрсетіліп, жұмыстар атқарылды.

Жер қатынастары, сондай-ақ сәулет және қала құрылысы салалары бойынша мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі, көрсетілетін қызмет түрлері және өзге де түсіндіруді қажет ететін мәселелер бойынша сұрақтар туындаған жағдайда «Индер аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жер қатынастары саласы бойынша жауапты бас маман – Зейнеденова Аружан Жайнаққызына, сәулет және қала құрылысы саласы бойынша жауапты бас маман – Оразғалиева Асыл Тілекқабылқызына жүгінуге болады.

Азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштері қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес қаралады. Бөлім мамандары тарапынан консультациялық және түсіндіру көмегі көрсетіледі.

Қосымша ақпарат алу үшін бөлімге тікелей келу арқылы немесе ұялы телефон байланысы арқылы (тел.: 2-17-96, 3-07-76) хабарласуға болады.

 

2025 жылы Индер аудандық жер қатынастары
Дата публикации
04 февраля 2026