Индер аудандық аумақтық сайлау комиссиясының жанынан құрылған Жас сайлаушылар клубының алғашқы отырысы 2025 жылғы 7 тамыз күні өткізілді.
Жиынға төрағалық еткен Индер аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Б.Сапаров, клубты құрудың мақсаты жастардың назарын сайлау процесінің өзекті мәселелеріне аудару, олардың сайлау белсенділігі мен құқықтық мәдениетін арттыру болып табылатынын және сол жиын Жас сайлаушылар клубы мүшелерімен кездесу және Жас сайлаушылар клубы мүшелерінің арасынан клуб төрағасын, төраға орынбасарын, хатшысын сайлау екенін атап өтті.
Клуб мүшелері арасынан алғашқы болып Ш.Суйеугалиев сөз кезегін алып, осындай кездесулер жастарға елімізге деген патриоттық сезімдерін одан әрі дамытуға үлкен серпін беретінін айтып, клуб төрағасына Н.Ергалиевтың кандидатурасын ұсынды. Клуб мүшелері ұсынысты бір ауыздан қолдады.
Клуб мүшесі Д.Айбаров клуб төрағасының орынбасарына Б.Туржановтың кандидатурасын ұсынды. Клуб мүшелері ұсынысты бір ауыздан қолдады.
Клуб мүшесі Г.Орынбаева клуб хатшысына Ж.Оташеваның кандидатурасын ұсынды. Клуб мүшелері ұсынысты бір ауыздан қолдады.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша клуб мүшелері айтылған ұсыныстарды бірауыздан мақұлдады.
Жиын соңында Индер аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Б.Сапаров клуб отырысына қатысқан жастарға ел дамуы жолындағы қызметтеріне табыстар тіледі.