Индер аудандық аумақтық сайлау комиссиясы жанындағы Жас сайлаушылар клубы туралы Ереже

№1 қосымша

Индер аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
2025 жылғы «6» тамыздағы №8 шешімімен бекітілген


Ереже

Индер аудандық аумақтық сайлау комиссиясы жанындағы
Жас сайлаушылар клубы туралы


Жалпы ережелер

Индер аудандық аумақтық сайлау комиссиясы жанындағы Жас сайлаушылар клубы (бұдан әрі – Клуб) – сайлау процесіне қатысушы жас азаматтардың ерікті бірлестігі.

Осы Ереже Клуб қызметін жүзеге асыру тәртібін айқындайды.

Клуб өз қызметін қоғамдық негізде, Клубтың жұмыс жоспарларына, сайлау комиссияларының жас сайлаушылар мен сайлау ұйымдастырушыларының құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған білім беру, түсіндіру және ақпараттық іс-шаралар жоспарларына сәйкес, Индер аудандық аумақтық сайлау комиссиясының (бұдан әрі – АСК) жәрдемімен жүзеге асырады.

Клуб АСК мүшелерімен, сондай-ақ өзге де органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара іс-қимыл жасайды.

Клуб туралы Ереже АСК шешімімен бекітіледі.


Жас сайлаушылар клубының мақсаты мен міндеттері

Клубты құрудың мақсаты – жастардың назарын сайлау процесінің өзекті мәселелеріне аудару, олардың электоралдық белсенділігі мен құқықтық мәдениетін арттыру.

Клубтың негізгі міндеттері:

  1. жас азаматтарға консультациялық-әдістемелік көмек көрсету;
  2. жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сайлау құқықтарын түсіндіру, электоралдық мәдениетін көтеру;
  3. жастардың сайлау процесіне қатысуының өзекті мәселелерін қарастыру және олардың бастамаларын қолдау;
  4. жас және болашақ сайлаушылардың сайлау процесіне қызығушылығын арттыру.

Жас сайлаушылар клубы мүшелерінің құрамы мен құқықтары

Клуб қатысушылары болып студенттер, мектеп оқушылары, жұмысшы жастар, өңірлік жастар ресурстық орталықтарының, коммерциялық емес қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, сондай-ақ мемлекеттік органдардың өкілдері, сайлау комиссияларының жас мүшелері және мәслихаттардың жас депутаттары (келісім бойынша) бола алады.

7.1. Индер аудандық АСК жанындағы Клуб 9 мүшеден тұрады.

Клуб қатысушылары Клуб отырысының күн тәртібіне енгізілген мәселелерді талқылау кезінде тең құқықтарға ие.

8.1. Клубтың әдістемелік үйлестірушісі – Индер аудандық АСК мүшесі.

Клуб қатысушыларының құқықтары:

  1. Индер ауданының сайлау комиссиялары мүшелеріне ұсыныстармен жүгіну;
  2. Клуб қатысушыларының басқа пікірлерімен келіспеген жағдайда өз пікірін білдіру, ол Клуб отырысының хаттамасына енгізілуге тиіс.

Жас сайлаушылар клубының қызметін ұйымдастыру

Клуб өз қызметін әртүрлі форматтағы отырыстар, кездесулер, пікірталастар және ұжымдық өзара іс-қимылдың өзге де нысандары арқылы жүзеге асырады.

Клуб іс-шаралары ағымдағы жылға арналған жоспарға сәйкес өткізіледі, ол Клуб мүшелерімен бірінші отырыста қабылданады.

  1. Индер аудандық АСК Клуб қызметін ұйымдастырады, іс жүргізуді жүзеге асырады және Клуб отырыстарын дайындайды.

Индер аудандық АСК:

  1. отырыстарды дайындау және өткізу бойынша ұйымдастырушылық жұмыстарды жүзеге асырады;
  2. Клуб қатысушыларын кезекті отырыстың күні мен күн тәртібі туралы кемінде бес күн бұрын, ал іс-шара өткізу күні туралы кемінде үш күн бұрын хабардар етеді;
  3. Клуб отырысы барысында хаттама жүргізеді, соның ішінде фото-, аудио-, бейнежазба құралдарын пайдалана отырып.

Клуб отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ жылына кемінде екі рет өткізіледі.


Қорытынды ережелер

  1. Осы Ережеге өзгерістер мен толықтырулар Индер аудандық АСК шешімімен енгізіледі.

Клуб қызметі Индер аудандық АСК шешімімен тоқтатылады.

Индер аудандық аумақтық сайлау комиссиясы жанындағы Жас сайлаушылар клубы туралы Ереже
Дата публикации
16 января 2026