Индер аудандық
аумақтық сайлау комиссиясы жанындағы
Жас сайлаушылар клубын құру туралы
Қазақстан Республикасындағы «Сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңның 14-бабының 11-1) тармақшасына сәйкес Индер аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Индер аудандық аумақтық сайлау комиссиясы жанынан Жас сайлаушылар клубы құрылсын.
- Осы шешімге №1 қосымшаға сәйкес Индер аудандық аумақтық сайлау комиссиясы жанындағы Жас сайлаушылар клубы туралы Ереже бекітілсін.
- Осы шешімге №2 қосымшаға сәйкес Индер аудандық аумақтық сайлау комиссиясы жанындағы Жас сайлаушылар клубының дербес құрамы бекітілсін.
- Осы шешім қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді.
Төраға
Б. Сапаров
Хатшы
Ш. Сариева
Индербор кенті
2025 жылғы 6 тамыз
№8