Индер аудандық аумақтық сайлау
комиссиясының жанындағы
Жас сайлаушылар клубын құру туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 14-бабы 11-1) тармақшасына сәйкес Индер аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ЕТЕДІ:
- Индер аудандық аумақтық сайлау комиссиясының жанынан Жас сайлаушылар клубы құрылсын.
- Индер аудандық аумақтық сайлау комиссиясының жанындағы Жас сайлаушылар клубы туралы Ереже осы шешімнің №1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- Индер аудандық аумақтық сайлау комиссиясының жанындағы Жас сайлаушылар клубының дербес құрамы осы шешімнің №2 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- Осы шешім қол қойылған мерзімнен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Төраға
|
Б.Сапаров
|
|
Хатшы
|
Ш.Сариева
|
Индербор кенті,
2025 жылғы 6 тамыз,
№8