ХАБАРЛАНДЫРУ

 

Атырау облысы табиғи

ресурстар және табиғат

пайдалануды реттеу

басқармасы

 

Индер  ауданының

әкімі

 

Су ресурстарын қорғау және пайдалануды реттеу жөніндегі Жайық-Каспий бассейіндік су

инспекциясы

 

Атырау облысының

санитарлық-эпидемиологиялық

бақылау департаменті

 

Атырау облыстық орман

шаруашылығы және

жануарлар дүниесі

аумақтық инспекциясы

 

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі

   Атырау облысының төтенше 

жағдайлар департаменті 

 

 

Атырау облысы бойынша экология департаментіне, «Аралтұз» ЖШС-нің  Атырау обласы Индер ауыданындағы «Индер көлі» кен орнының бір бөлігінде ас тұзын арналған тау-кен жұмыстарының жоспары» бойынша өтініші келіп түсті.

ҚР Экологиялық кодексіне сәйкес (бұдан әрі - Кодекс) жеке және заңды тұлғалардың өндірістік және өзге де объектілерді салуға және одан әрі пайдалануға, қоршаған ортаға өзгеше түрде, оның ішінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу арқылы араласуға, сондай-ақ осындай қызметке елеулі өзгерістер енгізуге байланысты белгіленіп отырған қызметі қоршаған ортаға әсерін бағалауға жатады.

Белгіленіп отырған қызмет туралы өтініш қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдарының интернет-ресурстарында орналастырылғаннан кейін ескертулер мен ұсыныстарды қабылдау мерзімі өткенге дейін осындай интернет-ресурстарда жұртшылық назарына үздіксіз қолжетімді болып қалуға тиіс.

Мүдделі мемлекеттік органдар белгіленіп отырған қызмет туралы өтінішке 15 жұмыс күні ішінде өз ескертпелері мен ұсыныстарын жіберуі тиіс.

Қорытынды беру мерзімі өтініш тіркеген күннен бастап 22 жұмыс күнінен аспайды.

Осыған байланысты, белгіленіп отырған қызмет туралы өтінішті өз құзыреті шегінде қарап 2025 жылғы 06 қаңтардан кешіктірмей ұсыныстар мен ескертулер жолдауды сұраймыз.

 

 

Қосымша:

- 11.12.2025 жылғы № KZ44RYS01503176 белгіленіп отырған қызмет туралы өтініш

 

 

 

         Департамент басшысы                                                           А. Жусупов

 

 

 

 

 

 

 

            Орын: А. Сарсалова

               Тел: 20-11-86

Дата публикации
24 декабря 2025