хабарландыру

Индер ауданы әкімі

аппаратының   

басшысы

А.Сансызбаевқа

 

Индер аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі, Атырау облысы бойынша экология департаментіне,  12.12.2025 жылғы   №KZ44RYS01503176 «Аралтұз» ЖШС-нің Индер ауданында орналасқан «Индер көлі» кен орнының бір бөлігінде ас  тұзын тау-кен жұмыстарының жоспары бойынша  өтініші келіп түскенін хабарлайды.

Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 қаңтардағы Экологиялық кодексінің тараптарына сәйкес (68-бап), қоршаған ортаға әсерді бағалау (ҚОӘБ) рәсімі шеңберінде осындай қызмет туралы өтініш жергілікті атқарушы органның ресми интернет - ресурсында үздіксіз әрі ашық қолжетімді түрде жариялануға тиіс.

Сонымен қатар, Кодекстің 76-бабында ҚОӘБ бойынша дайындалған қорытынды мен ұсыныстар да жергілікті интернет-ресурсында жариялануы тиіс деп нақты көрсетілген.

Осыған орай, жоғарыда көрсетілген заңнамалық талаптарды орындау мақсатында «Аралтұз» ЖШС жобасына қатысты қоғамдық ұсыныстар мен ескертулерді қабылдау кезінде келесі ақпаратты Индер Ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсына жариялануыңызды сұраймыз.

Жариялануға ұсынылатын ақпарат:

-Жобаның атауы: «Аралтұз» ЖШС «Индер көлі» ас тұзы кен орнының бір бөлігін игеру қызметі.

-Қоғамдық ұсыныстар мен пікірлерді қабылдау мерзімі: жарияланылған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде (қоса алғанда 8 қаңтар 2026 жылға дейін);

Қосымша ақпарат пен жауапты байланыс деректері тіркелген құжатта көрсетілген.

Қосымша:

  1. Жариялануға арналған мәтін (қазақ және орыс тілдерінде);
  2. 12.12.2025 жылғы №KZ44RYS01503176 «Аралтұз» ЖШС-нің өтініші;
  3. Заңнамалық негіздер бойынша анықтама (Экология кодекс баптарына сілтемемен).

 

А.Умиткалиева

 

 

Орындаған: А.Ғұмарова

Тел:8(71234)3-07-51

хабарландыру
Дата публикации
24 декабря 2025