Индер ауданы бойынша шаруа немесе фермер қожалығын,ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөнінде конкурс 2026 жылдың 14 қаңтар сағат 10.00-де Атырау облысы, Индер ауданы, Индербор кенті, Меңдіғалиев көшесі, 30 мекен-жайында өткізіледі. Конкурсқа шығарылған жер телімдерінің тізімі:
|
Лот № |
Жер учаскенің орналасқан орыны |
Нысаналы мақсаты |
Көлемі, га |
Жалға беру мерзімі, жыл |
Шаруашылық, аудандық орталықтан орталыққа дейінгі орташа қашықтық |
Алқап құрамы, бонитет балы, сумен қамтамасыз етілу жөнінде мәлімет |
|
Есбол а/о |
||||||
|
3 |
Есбол ауылдық округі аумағындағы босалқы жер қоры, Аққұдық учаскесі |
Шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін |
230 |
Уақытша өтеулі 10 жыл |
Есбол ауылы –62 км Индербор кенті – 100 км |
Табиғи жайылым. Бонитет балл 2,9 |
|
5 |
Есбол ауылдық округі аумағындағы босалқы жер қоры, Жүндіқұдық учаскесі |
Шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін |
500 |
Уақытша өтеулі 10 жыл |
Есбол ауылы –62 км Индербор кенті – 100 км |
Табиғи жайылым. Бонитет балл 3,6 |
|
Өрлік а/о |
||||||
|
9 |
Өрлік ауылдық округі аумағындағы босалқы жер қоры, Дәрі учаскесі |
Шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін |
525 |
Уақытша өтеулі 10 жыл |
Өрлік ауылы –15 км Индербор кенті – 62 км |
Табиғи жайылым. Бонитет балл 3,0 |
|
15 |
Өрлік ауылдық округі аумағындағы босалқы жер қоры, Папанина учаскесі |
Шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін |
500 |
Уақытша өтеулі 10 жыл |
Өрлік ауылы –49 км Индербор кенті – 89 км |
Табиғи жайылым. Бонитет балл 2,5 |
|
Бөдене а/о |
||||||
|
17 |
Бөдене ауылдық округі аумағындағы босалқы жер қоры, Қызыл қабақ учаскесі |
Шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін |
300 |
Уақытша өтеулі 10 жыл |
Бөдене ауылы –13 км Индербор кенті – 29 км |
Табиғи жайылым. Бонитет балл 3,8
|
Жеке және заңды тұлға болып табылатын қатысушы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынады:
1) конкурсқа қатысуға арналған өтінім;
2) конкурстық ұсыныс;
Конкурстық ұсыныста:
1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, ашылатын жұмыс орындарының саны);
2) шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту іс-шараларын орындау жөніндегі міндеттемелер;
3) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 17 қаңтардағы № 7 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19893 болып тіркелген) бекітілген Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану қағидаларын және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 173 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15090 болып тіркелген) бекітілген Жайылымдарды ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылады.
Конкурстық ұсыныстың беттері нөмірленіп, тігілген түрде мөрленген немесе өшірілмейтін сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, конкурстық ұсыныстың соңғы беті жеке тұлғалар (немесе сенімді өкіл) үшін – қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшін – бірінші басшының (немесе сенімді өкіл) қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады.
Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қабылдау және тіркеу конкурс өткізу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап күнтізбелік отызкүн өткен соң 2025 жылдың «26» желтоқсаннан бастап 2026 жылдың «13» қаңтары сағат 10.00-ге дейінгі аралығында өтінім қабылдау және тіркеу жүргізіледі.