Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдар тізбесі

Индер ауданы әкімі аппараты

№

Сыбайлас жемқорлық    тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдар

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіліктер

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері

1

Индер ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі бөлімінің басшысы

 

«Алтын алқа» және «Күмiс алқа» алқалары бойынша құжатты кент және ауылдық округ әкімі аппаратарымен жинақталып, аудан әкімі аппаратының персоналды басқару кандидаттардың  құжаттары ұсыныс ретінде облыс әкімі аппаратына ұсынылады. Қорытынды марапаттау шешімі яғни наградалар қайтадан персоналды басқару қызметіне табыстау үшін қайтарылады.

      

Құжат айналымы қағаз жүзінде болғандықтан награда иелерімен тікелей байланысқа түсу арқылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудыруы мүмкін

2

Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы

Оралмандарға қатысты құжаттарды бақылайды, олардың отбасымен байланыста болып, қажет жағдайда тиісті көмектер көрсету ісіне араласады

Ақпараттың қолжетімсіздігі

3

Аудандық экономика және қаржы бөлімінің  басшысы

 

 

Коммуналдық  меншік мүлкін жекешелендіру, мүлікті жалдауға, сенімгерлік басқаруға беру, уақытша өтеусіз пайдалануға және кепілге беру бойынша жұмыстарды ұйымдастырады; Коммуналдық мүліктердің пайдалануын, сақталуын, сенімгерлік басқару және жекешелендіру шарттарының орындалысын, сондай-ақ аудандық атқарушы органдар кәсіпорындардың таза табысының бөлінуін бақылайды;

 

Мемлекеттік мүлік туралы Заңынынң талаптарын сақтамау

4

Индер ауданық құрылыс бөлімінің басшысы

 

 

Бюджеттік бағдарламалар бойынша қаржыландырылатын жұмыстарды ұйымдастырады және бақылайды;Басқа да бақылаушы органдардың қатысуымен құрылыс нысандарында инженерлік-құрылыс нормаларының сақталуын және құрылыс сапасын бақылайды;Жобалық-сметалық құжаттарды дайындауға және апатты жағдайлар мен төтенше жағдайлардың салдарын жоюға қатысады;Азаматтардың арыз-шағымдары мен мемлекеттік көрсетілетін қызметті уақытында қаралуын бақылауды жүзеге асырады;Құрылысты жобалау, жаңғырту, өндірістік немесе өндірістік емес нысандары, тұрғын үй азаматтық құрылыс нысандарын пайдалануға, қабылдауға белгіленген тәртіппен қатысады;Аудан көлемінде қала құрылысы мақсатында арналған жер учаскелерін бөлуін, мақсатты пайдалануын бақылайды;Жерді пайдалану мен қорғау мәселелеріне қатысты қалалық, аудандық бағдарламалардың, жобалар мен схемалардың сараптамасын өткізуге қатысады;

ҚР Мемлекеттік сатып алу заңын және Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексінің талаптарын сақтамау

5

Аудандық жер қатынастары және сәулет,қала құрлысы бөлімінің басшысы

 

 

Мемлекет мұқтажы үшін  жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару жөнінде ұсыныстар дайындайды.

Жер қатынастары туралы заңның талаптарын бұрмалау

6

Аудандық тұрғын үй –коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы

Бюджеттен және демеушілік көмектен бөлінген қаржыға атқарылған жұмыс көлемін тексереді және орындалуын бақылайды.

Басқару шешімдеріне әсер ететін ақпаратты жасыру           немесе бұрмалау мүмкіндігі

7

Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы

Мәдениет саласының қызметкерлерін аттестациялаудан өткізеді

Белгілі          бір өтініш берушілерге артықшылық беру мүмкіндігі

8

Аудандық кәсіпкерлік, өндіріс және туризм бөлімінің басшысы

 

Туристтік саладағы кәсіпкерлік субъектілердің қызметіне талдау және мониторинг жүргізу

Тексеру нәтижелерін бұрмалау (мысалы, кемшіліктерді жасыру немесе жалған актілер жасау).

9

Индербор кентінің әкімі

Қоғамдық жұмыстарды, жастар тәжірибесі және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырады

Қатысушыларды іріктеу кезінде таныстық немесе туыстық қатынастарды пайдалану.

10

Аудандық спорт және дене шынықтыру бөлімінің басшысы

Аудан көлемінде спорттық жарыстарды ұйымдастырып өткізеді

Қаржыны мақсатсыз пайдалану

11

Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы

Ауыл шаруашылығы құрылымдарының мемлекеттен субсидия алуына қатысты мәселелерді ұйымдастыру, ықпал ету және қадағалау

Ақпаратқа тең қолжетімділіктің болмауы

 

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдар тізбесі
Дата публикации
11 ноября 2025