Индер ауданының 2026 жылға арналған оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы

 

Индер ауданында салық мөлшерлемесін төмендету – пікіріңізді білдіріңіз!

Индер ауданының мәслихаты 2026 жылға корпоративтік және жеке табыс салығының мөлшерлемесін 4%-дан 2%-ға дейін төмендету жобасын әзірледі.

Барлық тұрғындар мен кәсіпкерлерді жобаны талқылауға, ұсыныс пен пікірлерін білдіруге шақырамыз.
Пікірлер соңғы шешім қабылданар алдында қарастырылады.

Қосымша ақпарат алу және пікір қалдыру үшін аудан әкімдігі сайтына хабарласыңыз.

ПРЕСС РЕЛИЗ!
Дата публикации
05 ноября 2025