Аудан бойынша «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» жобасының шеңберінде атқарылған жұмыстар бойынша ақпарат

Аудан бойынша «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» жобасының шеңберінде атқарылған жұмыстар бойынша ақпарат

                     

 «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» жобасының басты мақсаты –ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту, ауылдарды тұрақты дамыту. Жоба шеңберінде ауылдық елді мекендерде әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарды дамыту, ауыл халқының әлеуметтік игіліктер мен мемлекеттік қызметтерге қолжетімділігін қамтамасыз ету, сапалы жолмен қамтамасыз ету және жалпы жайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру бойынша бірқатар міндеттерді шешу көзделген. «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» жобасының шеңберінде республикалық бюджеттен 4 нысан, облыстық кредит есебінен 6 нысанға қаржы бөлініп, жұмыстары жасалып жатыр. Республикалық бюджет есебінен бөлінген 3 018 621,0 мың теңге қаралып, 22 364,0 мың теңгесі үнемделу есебінен кері қайтарылды. Азаматтарға берілетін орташа еңбекақы мөлшері – 85000,0 мың теңге. Оның ішінде:

  • Индербор кентіндегі кентішілік автомобиль жолдарын тротуармен реконструкциялауға – 2010 782,0 мың теңге; игерілгені – 1 767 810,0 мың теңге; тіркелген міндеттемелер – 2 010 781,4 мың теңге, Мердігер мекеме ЖШС "Атырауинжстрой". Келісім шарт номері - №97 08.08.2019ж.; Құрылған жұмыс орындарының саны 503 адам, оның ішінде 251 азамат жұмыссыз ретінде тіркелген.
  • Есбол ауылындағы тротуары бар ауылдық автомобиль жолдарын күрделі жөндеу -947 839,0 мың теңге; игерілгені – 900 447,0 мың теңге; тіркелген міндеттемелер – 947 838,5 мың теңге, Мердігер мекеме ЖШС "Атырауинжстрой". Келісім шарт номері - №27 26.03.2019ж: Бұл нысан бойынша жұмыс 100% орындалды. Құрылған жұмыс орындарының саны 237 адам, оның ішінде 119 азамат жұмыссыз ретінде тіркелген.
  • Индербор кентіндегі күрес залын ағымдағы жөндеу – 11 916,0 мың теңге; игерілгені – 11915,7 мың теңге; тіркелген міндеттемелер – 11 915,7 мың теңге; Мердігер мекеме ЖШС "СК Бірлік". Келісім шарт номері -№23 11.06.2020ж. Бұл нысан бойынша жұмыс 100% орындалды. Құрылған жұмыс орындарының саны 4 адам, оның ішінде 2 адам жұмыссыз ретінде тіркелген.
  • Индербор кентіндегі дене шынықтыру-сауықтыру кешенін ағымдағы жөндеу – 25 720,0 мың теңге; игерілгені – 25 719,4 мың теңге; тіркелген міндеттемелер – 25 719,4 мың теңге; Мердігер мекеме ЖШС "АманСтрой". Келісім шарт номері -№24 от 25,06,20ж. Бұл нысан бойынша жұмыс 100% орындалды. Құрылған жұмыс орындарының саны 11 адам, оның ішінде 6 азамат жұмыссыз ретінде тіркелген.

Облыстық кредит есебінен бөлінген 3 994 973,0 мың теңге қаралып, 178 526,0 мың теңгесі үнемделу есебінен кері қайтарылды. Оның ішінде:

  • Көктоғай ауылындағы 12,9 км кірме жолдарды, тротуары бар ауылдық автомобиль жолдарын күрделі жөндеу – 1 074 787,0 мың теңге; игерілгені – 1 009 046,5 мың теңге; тіркелген міндеттемелер – 1 074 787,0 мың теңге, Мердігер мекеме ЖШС"Атырау жолдары". Келісім шарт номері - № 26 05.05.2020ж.  Құрылған жұмыс орындарының саны 276 адам, оның ішінде 138 азамат жұмыссыз ретінде тіркелген.
  • Елтай ауылындағы тротуары бар ауылдық автомобиль жолдарының 12,5 км ішін күрделі жөндеу - 1 551 835,0 мың теңге; игерілгені – 1 050 977,8 мың теңге; тіркелген міндеттемелер – 1 545 121,0 мың теңге, 6 714,0 мың теңге үнемделген. Мердігер мекеме ЖШС "АЙЦ-АтырауИнжСтрой". Құрылған жұмыс орындарының саны 388 адам, оның ішінде 197 азамат жұмыссыз ретінде тіркелген.
  • Индербор кентіндегі жолдарды орташа жөндеу -387 893,0 мың теңге; игерілгені – 312 390,2 мың теңге; тіркелген міндеттемелер – 387 892,3 мың теңге.. Мердігер мекеме ЖШС"S.Alem$Konstraction". Келісім шарт номері                           №28  06,05,2020ж. Құрылған жұмыс орындарының саны 113 адам, оның ішінде 56 азамат жұмыссыз ретінде тіркелген.
  • Ақтан және Қызылжар ауылдарының 3 км кірме жолдарын қайта жаңарту – 309 773,0 мың теңге; игерілгені – 265 282,3 мың теңге; тіркелген міндеттемелер – 309 772,2 мың теңге. Мердігер мекеме ЖШС"Атырау жолдары". Келісім шарт номері №34 20,05,2020ж. Құрылған жұмыс орындарының саны 82 адам, оның ішінде 41 азамат жұмыссыз ретінде тіркелген.
  • Индербор кентіндегі Бейбарыс көшесіндегі саяжолды абаттандыру – 358 068,0 мың теңге; игерілгені – 221601,0 мың теңге; тіркелген міндеттемелер – 358 068,0 мың теңге. Мердігер мекеме ЖШС "Оңдасын Строй". Келісім шарт номері №41 05.05.2020ж. Құрылған жұмыс орындарының саны 99 адам, оның ішінде 50 азамат жұмыссыз ретінде тіркелген.
  • Индербор кентіндегі ұзындығы 219 мм қолданыстағы метал газ құбырын дм 225 мм жерасты пластикалық газ құбырына ауыстыру – 134 091,0 мың теңге; игерілгені – 134 090,2 мың теңге; тіркелген міндеттемелер – 134 090,2 мың теңге. Мердігер мекеме ЖШС "Алау Құрылыс". Келісім шарт номері №23  04.2020ж. Бұл нысан бойынша жұмыс 100%  орындалды. Құрылған жұмыс орындарының саны 40 адам, оның ішінде 20 азамат жұмыссыз ретінде тіркелген.

 

Аудан бойынша «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» жобасының шеңберінде атқарылған жұмыстар бойынша ақпарат
Дата публикации
16 ноября 2020