ХАБАРЛАНДЫРУ
Құрметті аудан тұрғындары!
Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес, «Карат»ЖШС«Индер көлі» ас тұзды кен орнының бір бөлігін игеру бойынша қызметін жүзеге асыруға ниет білдіріп отыр.
Осыған байланысты, қоршаған ортаға әсерді бағалау (ҚОӘБ) рәсімін өткізу аясында жоба туралы ақпаратты жұртшылық назарына ұсынамыз.
Аталған жоба бойынша құжаттар Индер ауданы әкімдігінің ресми сайтында орналастырылды. Барлық қалаушы азаматтар жобаға қатысты ұсыныстарын, ескертулерін және пікірлерін жолдай алады.
Құжаттың атауы:
«Карат» ЖШС-ның «Индер көлі» ас тұзды кен орнының бір бөлігін игеру жөніндегі қызметі туралы өтініш
Жарияланған күні:29.07.2025 жыл
Ұсыныстар мен ескертулер қабылдау мерзімі: жарияланған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде (қоса алғанда 12 тамыз 2025 жылға дейін)
Ұсыныстарды қабылдау мекенжайы: Атырау облысы, Индер ауданы, Меңдіғалиев көшесі, 30 үй.
Электрондық пошта:Индер аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің 4691258@mail.kzпоштасы
Байланыс телефоны:21370, 21371
Жобаның қоршаған ортаға, жергілікті тұрғындардың тіршілігіне ықтимал әсерлерін ескере отырып, Сіздің ұсыныстарыңыз біз үшін маңызды.