Түсіндірме хаттамасы

Индербор кенті«19» маусым2025 жыл

 

 

Қатынасқандар: 

 

Төрағасы А.Сансызбаев–аппарат басшысы

Хатшысы С.Дюсенбиев – аудан әкімі аппаратының бас маман-заңгері

Аппарат қызметкерлері

Барлығы – 25 адам.

 

Аппарат басшысы А.Сансызбаевсөзіндеаудандағы барлық елді мекендердің көшелері мен ғимараттарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы баннерлер, плакаттардың уақытында ілінуін, азаматтардың арыз-шағымдарының мерзімінде қаралуын қатаң бақылауды тапсырды. Сонымен қатар, мемлекеттік органдармен мекмелердегі қызметкерлердің Әдеп кодексін және қызметтік этиканы сақтау қажет екендігін атап өтті.

Бұдан соң сөз салған заңгер С.Дюсенбиев ұжымда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында жұмыстар ұдайы жүргізіліп отыру қажет екендігін, сыбайлас жемқорлық туғызатындай жағдайларды болдырмауға жұмыстану қажет дей келе, сыбайлас жемқорлықты жою үшін алдымен адамда ішкі мәдениеттің, жемқорлық әрекеттерге төзбеушілік қасиеттердің, патриотизмдік сана сезім болғаны аса қажет, сондықтан өзімізді және балаларымызды биік рухпен тәрбиелеуге шақырды. 

    Сондай-ақ С.Дюсенбиев мекеменің әлеуметтік желілері мен интернет сайтында қабылданғалы отырған нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жариялап, тұрғындардыақпаратандырып отыруды ескертті.

 

 

Төраға        А.Сансызбаев

 

Хатшы                       С.Дюсенбиев

Түсіндірме хаттамасы
Дата публикации
27 июня 2025