Индер аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
кандидаттарды тіркеу туралы
ХАБАРЫ
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-5-бабы 9-тармағына сәйкес, Индер аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Индер ауданы Жарсуат ауылдық округі әкіміне кандидаттарды тіркегендігі туралы хабарлайды:
Махметов Алмат Куанышевич 1989 жылы туған, бас маман, «Индер ауданы Елтай ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі, Индер ауданы, Елтай ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен.
Бағытжанов Айдос Бағытжанұлы 1993 жылы туған, бөлім басшысы, «Индер ауданы әкімі апппараты» мемлекеттік мекемесі, Индер ауданы, Индербор кентінің тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен.
Қапашев Дархан Қапсихұлы 1981 жылы туған, бас маман, «Индер ауданы Жарсуат ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі, Индер ауданы Жарсуат ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясы Индер аудандық филиалының ұсынуымен.
Индер аудандық аумақтық сайлау комиссиясы