2025 жылдың 13-маусым күні сағат 11.00-де «Жарсуат-Мәдениет» МКҚК-да жергілікті қоғамдастық жиыны өткізілді. Күн тәртібінде қаралған мәселе бойынша Жарсуат ауылындағы атауы жоқ көшелерге Ұлы Отан соғысы ардагерлері Нысанғалиев Қамза, Мурзин Құбаш есімдерін беру және Құрылыс ауылындағы идеологиялық тұрғыдан ескірген Мектеп көшесіне Ұлы Отан соғысы ардагері Қалимағанбетов Жұмағұл есімін беру туралы ұсыныстары қоғамдастық мүшелері тарапынан қолдау тапты.
«Индер аудандық экономика және қаржы бөлімі» ММ «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығын басшылыққа ала отырып үстіміздегі жылдың маусым айының 2-23 күндері 2025 жылдың бес айына сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуде. Осыған байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау басталғанын хабарлаймыз.