|
Индер ауданы Жарсуат ауылдық
округі әкімінің сайлауын
тағайындау туралы
|
|
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1-бабының 1 тармағы 1) тармақшасы және 2 тармағына сәйкес Индер аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- 2025 жылғы 13 шілдеге Индер ауданы Жарсуат ауылдық округі әкімінің сайлауы тағайындалсын.
- Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2025 жылғы 13 шілдеге тағайындалған Индер ауданы Жарсуат ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
- Осы қаулы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын және Индер аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.
|
Төраға
|
Б.Сапаров
|
|
Хатшы
|
Ш.Сариева
|
Индербор кенті
2025 жылғы 4 маусым
№3